Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 22.03.2016
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 маусымда № 11253 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 22 наурыздан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істер министрінің 16.02.2016 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса берілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 4 мамырдағы № 06-7/63 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8484 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 маусымдағы № 146 (28085) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
2) «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 4 мамырдағы № 06-7/63 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 06-7/106 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8679 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 220 (28159) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күштері жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға Қ. Қожамжаров «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасы _________________ Ә.А.Смайылов 2015 жылғы 28 сәуір
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуір № 146 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау қағидалары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) мен оның аумақтық бөлімшелерімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманы сақтау бойынша орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің (бұдан әрі - тексерілетін субъектілер) қызметтерін бақылау жүргізудің тәртібін айқындайды.
2. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Қағидалармен айқындалған бақылау тексерулер және мониторингтеу нысанында жүзеге асырылады.
3. Бақылау:
1) заңдылық;
2) объективтілік;
3) турашылдық;
4) құпиялықты сақтау;
Полная версия