Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.07.2015
"Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 4 мамырдағы № 06-7/63 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 06-7/106 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 тамызда № 8679 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 19 шілдеден бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 28.04.2015 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес
1. «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 4 мамырдағы № 06-7/63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8484 тіркелген, 2013 жылғы 12 маусымдағы № 146 (28085) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) келесі өзерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Көрсетілетін қызметті берушілердің – орталық мемлекеттік органдардың қызметіне тексеру Агенттіктің қызметкерлерімен, орталық мемлекеттік органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің қызметіне – Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерімен, сондай-ақ Агенттік басшылығының тапсырмасы бойынша Агенттіктің қызметкерлерімен өз құзыреті шегінде жүргізіледі.
Тексеру Агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелерінің бірінші басшылығының немесе олардың міндетін атқаратын адамдардың тексеруді тағайындау туралы бұйрығы негізінде жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
«25-1. Орталық мемлекеттік органдар осы Қағидалардың 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау нәтижелері бойынша есепті ұсынады.
Жергілікті атқарушы органдар осы Қағидалардың 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау нәтижелері бойынша есепті ұсынады.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алған адамдардың саны;
3) белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдардың саны;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдардың қарау мерзімдері бұзылудың саны;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың көздері;
7) мемлекеттік қызмет алушылардың шағымдары бойынша ішкі бақылау шеңберінде жүргізілген тексерулердің саны;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны;
Полная версия
ИС BestProfi