Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 09.07.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 Қаулысы
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.03.2012 № 390 (27.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.03.2012 № 390 (27.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 23 қаңтардағы
 N 58 қаулысымен
 бекітілген
Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесі
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.03.2012 № 390 (27.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары білім алуға ақы төлеу үшін  білім беру грантын берудің тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.03.2012 № 390 (27.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
1) білім беру гранты - кәсіптік білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы; 
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы; 
3) республикалық конкурстық комиссия - білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі - Комиссия);
4) - 6) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.03.2012 № 390 Қаулысымен (27.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс
 2-тармаққа өзгеріс енгізілді ҚР Үкіметінің 27.07.2011 № 865 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс), 30.03.2012 № 390 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты білім саласындағы уәкілетті орган құратын Комиссия өткізеді.
4. Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, жоғары оқу орындарының (будан әрі - ЖОО) басшылары санынан қалыптасады. 
Полная версия
ИС BestProfi