Талапкерлерді кешенді тестілеуді өткізу және білім беру гранттарын тағайындау конкурсына олардың өтініштерін қабылдауды жүзеге асыру технологиясын сақтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 07.12.2015
Талапкерлердің кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудің және білім беру гранттарын тағайындау бойынша жұмыстары ұйымдастыру нұсқаулықтарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2011 жылғы 11 шілдедегі № 303 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 19 шілдеде № 7079 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Білім және ғылым министрінің 07.12.2015 жылғы № 683 Бұйрығына сәйкес
Редакция 28.06.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
2) білім беру гранттарын тағайындау бойынша жұмыстары ұйымдастырутуралы нұсқаулық 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 28.06.2012 № 308 Бұйрығымен (11.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Өмірбаев С.М.):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.К. Орынхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетің атқарушы М. Орынханов
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2011 жылғы 11 шілдедегі № 303 бұйрығына 1-қосымша
Талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
Нұсқаулықтың атауы жаңа редакцияда ҚР Білім және ғылым министрінің 28.06.2012 № 308 (11.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Бұйрығымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Талапкерлерді кешенді тестілеуді (бұдан әрі - ТКТ) ұйымдастыру келесі кезеңдерден тұрады:
1) аудиториялық қорды қалыптастыру;
2) «Талапкер» деректер базасын қалыптастыру;
3) тестілеуді өткізуге дайындық;
Полная версия