Близость слов: Окончание:





Құқық қорғау қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы
Құжат мәтініндегі «курсанттары (тыңдаушылары)», «курсанттар (тыңдаушылар)», «курсанттарына (тыңдаушыларына)», «курсанттарының (тыңдаушыларының)», «курсанттарға (тыңдаушыларға)» сөздері «курсанттары», «курсанттар», «курсанттарына», «курсанттарының», «курсанттарға» сөздерімен ауыстырылды ҚР 13.11.2015 жылғы № 398-V Заңы бойынша (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «жоғарылату», «жоғарылау», «жоғарылай алады», «жоғарылатуды»  сөздері «өсіру», «өсіру», «өсе алады», «өсіруді» сөздерімен ауыстырылды ҚР 12.07.2018 жылғы № 180-VІ Заңына сәйкес (11.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 03.01.2023 жылғы № 188-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 04.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын (мәртебесін), материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алғашқы кәсіптік даярлық – құқық қорғау органдарына қызметке кіріп жатқан адамдар үшін кәсіптік дағдылар алуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2019 № 292-VІ Заңына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша өзгертілді ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңымен (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.09.2022 жылдан бастап)
1-1) аттестаттаудан кейінгі дамыту – құқық қорғау органы қызметкерін аттестаттау нәтижелері бойынша оның дара кәсіби өзін-өзі даярлауын ұйымдастыру;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2019 № 292-VІ Заңына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2) ауыстыру – қызметкердің лауазымдық жағдайы мен функционалдық міндеттерінің өзгеруі;
1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.12.2019 № 292-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 11.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) ауысу – құқық қорғау органдарындағы қызметті тоқтатпастан құқық қорғау органында атқарып жүрген қызметінен босата отырып, сол мезгілде басқа құқық қорғау органындағы лауазымға тағайындау;
2-1) басшы лауазым – өзіне бағынысты ұжымның немесе жекелеген қызметкерлердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктер берілген құқық қорғау органының құрылымдық бірлігі;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) баянат – қызметкер қызмет әрекеті процесінде тікелей немесе уәкілетті басшыларға өтініш жасаған кезде ерекше нысандағы жазбаша баяндау;
3-1) бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіші – қызметке кандидаттың және қызметкердің кәсіби құзыреттеріне, сондай-ақ лауазым үшін негізгі көрсеткіштеріне және кәсіби жетістіктері туралы объективті деректеріне негізделген кәсіби әлеуетінің нысандық сандық мәні;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) біліктілік талаптары – құқық қорғау органындағы лауазымға орналасуға үміткер азаматтарға олардың кәсіптік даярлық деңгейін, құзыреттілігін және нақты лауазымға сәйкестігін айқындау мақсатында қойылатын талаптар;
4-1) ведомстволық деректер банкі – құқық қорғау органының қызметке кандидаттар және кадр резервіне қойылған қызметкерлер туралы мәліметтер қамтылатын ақпараттық базасы;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-2-тармақша алынып тасталды ҚР 27.12.2019 № 292-VІ Заңына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 4-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-3-тармақша алынып тасталды ҚР 27.12.2019 № 292-VІ Заңына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) кадр резерві – басшы лауазымдарға тағайындау үшін қажетті кәсіби және жеке басы қасиеттері бар қызметкерлердің белгіленген тәртіппен қалыптастырылған тобы;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-1) кадрлық болжам – кадрларды дамыту бағыттары және олардың болашақ жай-күйі туралы дәлелді ұсынулар жүйесі;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-2) кадрлық жоспарлау – кадрларға қажеттілікті жүйелі талдау және құқық қорғау органдарының тиісті лауазымдарында білікті мамандардың қажетті санымен қамтамасыз ету процесі;
1-бап 5-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi