Близость слов: Окончание:





Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446-II Заңы
Редакция 01.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 10.01.2018 жылғы № 134-VІ Заңына сәйкес (26.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы № 8 (28637) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) анықтық факторы – сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқордың пайдаланылатын деректеріне сенімділік дәрежесін сипаттайтын, түзету коэффициенттерін есептеу үшін қажетті коэффициент;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1) «бонус-малус» жүйесі – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу кезінде тиісті сыныпты бере отырып, сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен онда сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай сақтанушыға (сақтандырылушыға) арттыратын немесе төмендететін коэффициенттерді қолдану арқылы пайдаланылатын жеңілдіктер мен үстемеақылар жүйесі;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) жәбiрленушi – көлiк құралын пайдалану салдарынан өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген адам;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) жолаушы – тасымалдаушымен ауызша немесе жазбаша нысанда тасымалдау шартын жасасқан жеке тұлға;
5) кешендi шарт – сақтандыру полисiнде көрсетiлген екі және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғамен жасалатын және бiр ғана сақтандырылушы жеке тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты;
6) көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi – жеке және заңды тұлғалардың жоғары қауiптiлiк көзi ретiндегi көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өтеу мiндетi;
7) көлік құралын пайдалану – көлік құралдарын жолмен жүру, сондай-ақ жайластырылып немесе ыңғайластырылып оларға іргелес салынған және көлiк құралдарының қозғалысына пайдаланылатын аумақтарда жүру үшiн пайдалану;
8) көлiк құралының иесi – көлiк құралын меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен не кез келген басқа да заңды негiзде (мүлiктiк жалдау шартымен, құзыреттi органның көлiк құралын беру туралы өкiмiне орай және басқаша) иеленетiн жеке немесе заңды тұлға;
8-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
9) көлiк оқиғасы – көлiк құралын пайдалану процесiнде және оның қатысуынан туындаған оқиға (оның ішінде жол-көлік оқиғасы), сондай-ақ көлiк құралынан ажырап кеткен бөлшектер мен ондағы жүктiң қозғалысы нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиян;
9-тармақша өзгертілді ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңымен (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-1) көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеу – көлік оқиғасы туралы құжаттарды ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда ресімдеу;
1-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
11) сақтандыру жағдайы – басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;
11-1) сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі – көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеу кезінде осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттарда сақтандыру жағдайын реттеу;
1-бап 11-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi