Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттіктерін, байланыс қызметтерін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
Байланыс туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567-II Заңы
Құжат мәтініндегі "телекоммуникацияның жергілікті желісінің", "телекоммуникацияның жергілікті желілері" сөздері "жергілікті телекоммуникация желісінің", "жергілікті телекоммуникация желілері" сөздерімен ауыстырылды ҚР 21.11.2008 жылғы № 89-ІV Заңы бойынша (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 20(жиырма) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Құжат мәтініндегі «почтаның», «почталық», «почта», «Почта», «почтамен», «почтамттар» сөздері «поштаның», «пошталық», «пошта», «Пошта», «поштамен», «поштамттар» сөздерімен; «почта байланысының жалпыға қолжетімді қызметі» сөздері «пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері» сөздерімен ауыстырылды ҚР 03.07.2014 жылғы № 230-V Заңы бойынша (16.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 07.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 09.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Байланыстың мақсаты
1. Байланыс Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының ажырамас бөлігі болып табылады, ол байланыс қызметіне жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және қауіпсіздіктің, қорғаныстың, құқық тәртібін қорғаудың, мемлекеттік органдардың қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған.
2. Байланыс және есептеу техникасы, сондай-ақ ақпараттық жүйелер құралдары ақпаратты жинау, сұрыптау, жинақтау және тарату процесін қамтамасыз етудің техникалық базасын құрайды.
2-тармақ өзгертілді ҚР 21.11.2008 жылғы №89-ІV Заңымен (27.07.2007ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 20(жиырма) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.)
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы №209Заңымен (07.07.2006ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 2-бап өзгертілді ҚР 23.04..2012 жылғы №14-V Заңымен (18.01.2012ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абонент – байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасылған жеке немесе заңды тұлға;
2-тармақша өзгертілді ҚР 21.11.2008 жылғы №89-ІV Заңымен (27.07.2007ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 20(жиырма) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.) 1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (26.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі – қызметтік ақпарат) – байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттарына ғана арналған және мыналарды:
2-тармақша өзгертілді ҚР 21.11.2008 жылғы №89-ІV Заңымен (27.07.2007ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 20(жиырма) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.) 2-тармақша өзгертілді ҚР 10.07.2009 жылғы №178-ІV Заңымен (29.12.2008ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2010 жылдан бастап) 2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңына сәйкес (16.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) 2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (26.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-тармақша өзгертілді ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
абоненттік нөмірлер және (немесе) пайдаланушылар нөмірлері иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, абоненттік нөмірлер және (немесе) пайдаланушылар нөмірлері туралы ақпаратты;
ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы ақпаратты;
биллингтік мәліметтерді (абонент және (немесе) пайдаланушы алған қызметтер туралы мәліметтерді);
техникалық регламент талаптарына сәйкес желідегі абоненттік құрылғының орналасқан жерін;
деректер беру желісіндегі мекенжайды;
деректер беру желісіндегі интернет-ресурстарға өтініш жасау мекенжайын;
интернет-ресурстың сәйкестендіргіштерін;
деректер беру желісінің хаттамаларын қамтитын абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы мәліметтер;
3) абоненттік жол - жергілікті телекоммуникация желісінің бір бөлігі болып табылатын және абоненттік құрылғыны осы желінің телекоммуникация құралдарымен жалғайтын байланыс жолы;
Полная версия