Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды.
Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы
Құжат мәтініндегі «ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық)», «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)», «ауылдық (селолық)» сөздері «ауылдардың, ауылдық», «ауылдың, ауылдық», «ауылдық» сөздерімен ауыстырылды ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Заңымен (04.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Құжат мәтініндегі «жоғары оқу орны», «жоғары оқу орындарында», «жоғары оқу орнын», «жоғары оқу орындарының» деген сөздер тиісінше «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 15.04.2022 жылғы № 114- VII Заңына сәйкес (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 29.04.2022 жылдан бастап) Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 03.01.2023 жылғы № 188-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 10.01.2025 жылғы № 156-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 18.03.2025 жылғы № 175-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 16.07.2025 жылғы № 211-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2026, 01.09.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 16.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау . ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 11.04.2014 жылғы № 189-V Заңымен (04.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-бап өзгертілді ҚР 13.11.2015 жылғы № 398-V Заңына сәйкес (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік əскери оқу орнында білім алып жатқан офицерлік және сержанттық құрамдардың əскери қызметшісі;
1-тармақша өзгертілді ҚР 15.04.2022 жылғы № 114- VII Заңымен (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 29.04.2022 жылдан бастап)
1-1) азаматтық персонал адамдары (жұмыскерлер) – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда (бұдан әрі – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) мемлекеттік қызметтегі немесе еңбек қатынастарында тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;
1-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.04.2022 жылғы № 114- VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 29.04.2022 жылдан бастап)
2) ауыспалы құрам – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың штат санына кірмейтін әскери, арнаулы оқу орындарында білім алып жатқан Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери қызметшілерінің санаты;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.04.2022 жылғы № 114- VII Заңына сәйкес (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 29.04.2022 жылдан бастап)
3) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер – осы Заңда көзделген мерзімге Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтары;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.04.2022 жылғы № 114- VII Заңына сәйкес (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 29.04.2022 жылдан бастап)
4) əскерге шақыруды кейінге қалдыру – осы Заңда көзделген негіздер бойынша азаматтарды əскери қызметке шақыру мерзімін ауыстыру;
5) əскерге шақыру жасына дейінгілер – әскерге шақыру жасына толғанға дейін əскери қызметке даярлықтан өтетін Қазақстан Республикасының ер азаматтары;
5-тармақша өзгертілді ҚР 16.07.2025 жылғы № 211-VIII Заңымен (30.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) əскерге шақырылушылар – жергілікті əскери басқару органдарында әскери есепте тұратын жəне мерзімді əскери қызметке шақырылуға жататын Қазақстан Республикасының ер азаматтары;
6-тармақша өзгертілді ҚР 16.07.2025 жылғы № 211-VIII Заңымен (30.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) əскери атақ – əскери қызметшіге жəне əскери міндеттіге берілетін əскери айырым белгісі;
8) əскери билет – азаматтың əскери қызметке тиесілігін жəне əскери міндеттілікке қатыстылығын айқындайтын бірыңғай мерзімсіз жеке есептік-əскери құжаты;
9) әскери бөлімнің (мекеменің) штаты – құрамды, ұйымдық-штаттық құрылымды, жеке құрамның санын және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қару-жарақ пен әскери техникасы кадастрына сәйкес бекітіп берілген негізгі қару-жарақ пен әскери техниканың санын айқындайтын құжат;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.04.2022 жылғы № 114- VII Заңына сәйкес (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 29.04.2022 жылдан бастап)
10) əскери есепке алу – əскерге шақырылушылар, əскери қызметшілер мен жұмылдыру ресурстары туралы сандық жəне сапалық деректерді есепке алу жəне талдау жүйесі;
11) əскери жиындар – əскери міндеттілер мен азаматтардың əскери білім алуы жəне оны жетілдіруі мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда əскери басқару органдары, уəкілетті мемлекеттік органдар əскери даярлық бойынша өткізетін іс-шаралар.
11-тармақша өзгертілді ҚР 16.07.2025 жылғы № 211-VIII Заңымен (30.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Əскери жиындар:
оқу-жаттығу жиындары – əскери міндеттілерді даярлау жəне қайта даярлау мақсатында өткізілетін əскери жиындар түрі;
Полная версия

