Близость слов: Окончание:





Сот приставтары туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 150 Заңы
Редакция 22.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Сот приставтарының құқықтық жағдайы
1-бап өзгертілді ҚР 06.01.2011 жылғы № 379-IV Заңымен (27.12.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Сот приставы - мемлекеттiк қызметте тұратын және өзiне осы Заңмен жүктелген мiндеттердi орындайтын лауазымды адам.
1-тармақ өзгертілді ҚР 22.06.2006 жылғы № 147 Заңымен(20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
2. Сот приставына нысанды киiм (погонсыз), сәйкестендіру картасы және жетон берiледi, олардың үлгiлерiн сот әкімшілігі саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекiтеді.
2-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (04.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақтың бірінші бөлігі өзгертілді ҚР 26.11.2019 г. № 273-VI Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР 27.03.2023 жылғы № 216-VII Заңымен (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сот приставтарын нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.
3. Сот приставының заңды талаптары барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
1) сот отырысы кезiнде залда қоғамдық тәртiптi сақтау;
1-тармақша өзгертілді ҚР 22.06.2006 жылғы № 147 Заңымен(20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақша өзгертілді ҚР 26.06.2020 жылғы № 349-VI Заңымен (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР 21.11.2024 жылғы № 136-VIII Заңына сәйкес (27.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) iс жүргiзу әрекеттерiн орындауда сотқа жәрдемдесу;
4) сот үйлерiн күзетудi қамтамасыз ету, судьяларды және процестiң басқа да қатысушыларын күзету болып табылады.
4-тармақша өзгертілді ҚР 22.06.2006 жылғы № 147 Заңымен(20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақша өзгертілді ҚР 26.06.2020 жылғы № 349-VI Заңымен (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды алынып тасталды ҚР 26.06.2020 жылғы № 349-VI Заңына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бап. Қазақстан Республикасының сот приставтары туралы заңдары
Қазақстан Республикасының сот приставтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясынанегiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
4-бап өзгертілді ҚР 05.05.2003  жылғы № 409-II Заңымен (07.07.1997 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
4-бап өзгертілді ҚР 22.06.2006 жылғы № 147 Заңымен(20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
4-бап. Сот приставтарының қызметiн ұйымдастыру және оларды тағайындау тәртiбi
1. Уәкілетті орган Жоғарғы Сотта және облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерде (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) сот приставтарының бөлімшелерін құрады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 27.12.2010 жылғы № 367-IV Заңымен(02.04.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-тармақ өзгертілді ҚР 26.06.2020 жылғы № 349-VI Заңымен (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.03.2023 жылғы № 216-VII Заңына сәйкес (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында және аумақтық бөлімшелерде сот приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық етуді уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 19.03.2010  жылғы № 258-IV Заңымен(27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2-тармақ өзгертілді ҚР 27.12.2010 жылғы № 367-IV Заңымен(02.04.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2-тармақ өзгертілді ҚР 26.06.2020 жылғы № 349-VI Заңымен (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 21.11.2024 жылғы № 136-VIII Заңына сәйкес (27.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ алынып тасталды  ҚР 27.12.2010 жылғы № 367-IV Заңымен(02.04.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
4. Аумақтық бөлімшелерде сот приставтарын тиісті аумақтық бөлімшелердің басшылары қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
4-тармақ өзгертілді ҚР 27.12.2010 жылғы № 367-IV Заңымен(02.04.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарын уәкілетті органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
5. Сот приставтары бөлiмшелерiнiң штат санын уәкiлеттi органның басшысы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн штат саны шегiнде бекiтедi.
5-тармақ өзгертілді ҚР 27.12.2010 жылғы № 367-IV Заңымен(02.04.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
5-бап. Сот приставының құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылы
1. Сот приставы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде - iшкi iстер органдары қызметкерлерiнен, ал әскери соттың сот приставы әскери қолбасшылықтан көмек сұрауға құқылы.
2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi өздерiне заңмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру шегiнде сот приставына көмек көрсетедi.
3. Сот приставтарының құқық қорғау органдарының және әскери бөлiмшелердiң қызметкерлерiмен өзара iс-қимылы аталған органдардың басшылары бекiткен өзара iс-қимыл жөнiндегi тиiстi заңға тәуелдi актiде көзделген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
6-бап. Сот приставына қойылатын талаптар
1. Кемiнде жиырма бiр жасқа толған, орта (орта білімнен кейінгі) бiлiмi бар, өзiнiң iскерлiк және жеке қасиеттерi бойынша, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi және арнаулы тексеруден өткен, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адам сот приставы болып тағайындала алады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 27.07.2007  жылғы № 320-IV Заңымен(07.05.2007 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-тармақ өзгертілді ҚР 02.04.2010 жылғы № 262-IV Заңымен(19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6(алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Сот приставтары арнаулы даярлықтан өтiп, содан кейiн табельдiк және электрлік атыс қаруын сақтау және алып жүру, арнаулы құралдарды пайдалану құқығына ие болады.
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сай емес адам сот приставы бола алмайды.
2-тармақ өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (15.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 10.01.2025 жылғы № 156-VIII Заңына сәйкес (21.11.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-бап. Сот приставының құқықтары мен мiндеттерi
1. Сот приставы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында:
1) азаматтардан сот қызметiнiң белгiленген тәртiбiн сақтауды, сондай-ақ соттың үй-жайында және сот отырысы залында құқыққа қайшы iс-әрекеттер жасауды тоқтатуды талап етуге;
1-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 22.06.2006 жылғы № 147 Заңымен(20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1-1-тармақша алынып тасталды алынып тасталды ҚР 26.06.2020 жылғы № 349-VI Заңына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) соттың үй-жайында (көшпелi отырыс өткiзiлген жағдайда - сот отырысы өткiзiлiп жатқан үй-жайда) құқық бұзушыны әкiмшiлiк жолмен ұстауға;
2-тармақша өзгертілді ҚР 22.06.2006 жылғы № 147 Заңымен(20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақша өзгертілді ҚР 26.06.2020 жылғы № 349-VI Заңымен (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) заңдарда белгiленген тәртiппен жауапқа тарту үшiн құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға;
4) құқық бұзушыны құқық қорғау органдарына жеткiзуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен атыс және электрлік қаруын арнаулы құралдар мен күш қолдануға құқылы.
5-тармақша өзгертілді ҚР 02.04.2010 жылғы № 262-IV Заңымен(19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6(алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1) өзiне берiлген құқықтарды қатаң заңға сәйкес пайдалануға және өз қызметiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге жол бермеуге;
2) судьяларды және сот процесiне қатысатын өзге де тұлғаларды күзетудi жүзеге асыруға;
2-тармақша өзгертілді ҚР 22.06.2006 жылғы № 147 Заңымен(20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақша өзгертілді ҚР 26.06.2020 жылғы № 349-VI Заңымен (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) кеңесу бөлмелерiн, соттың басқа да үй-жайлары мен үйлерiн күзетудi қамтамасыз етуге;
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша өзгертілді ҚР 15.01.2014 жылғы № 164-V Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақша алынып тасталды алынып тасталды ҚР 26.06.2020 жылғы № 349-VI Заңына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) сот отырысы залында және соттың үй-жайында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;
5-тармақша өзгертілді ҚР 22.06.2006 жылғы № 147 Заңымен(20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақша өзгертілді ҚР 26.06.2020 жылғы № 349-VI Заңымен (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) судьяның тапсырмасы бойынша қылмыстық iс пен заттық айғақтарды жеткiзудi және соттың тұрақты орналасқан жерiнен тыс сот талқылауын жүргiзу кезiнде олардың сақталуын қамтамасыз етуге;
7) судьяның сот талқылауын жүргiзу тәртiбiн сақтауға байланысты өкiмдерiн орындауға;
8) сотқа келуден жалтарған адамдарды күштеп алып келудi жүзеге асыруға;
8-тармақша өзгертілді ҚР 05.05.2003  жылғы № 409-II Заңымен (07.07.1997 ж. редакцияны қараңыз)
8-тармақша өзгертілді ҚР 26.06.2020 жылғы № 349-VI Заңымен (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) қамауға алынған адамдарды қорғау және олардың қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша қарауыл қызметi қызметкерлерiмен өзара iс-қимыл жасауға мiндеттi.
8-бап. Атыс және электрлік қаруын, арнаулы құралдар мен күш қолдану тәртiбi
Тақырып өзгертілді ҚР 02.04.2010 жылғы № 262-IV Заңымен(19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6(алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Сот приставының атыс және электрлік қаруын, арнайы құралдар мен күш қолдануы осы Заңның 2-бабында аталған мiндеттердi орындауға ғана байланысты болуы мүмкiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР 02.04.2010 жылғы № 262-IV Заңымен(19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6(алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1) судьялар мен сот талқылауына қатысушылардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнгенде оларға жасалған шабуылға тойтарыс беру;
2) сот приставының қызмет мiндеттерiн орындауы үстiнде оның өмiрi мен денсаулығына қауiп төнсе, оған жасалған шабуылға тойтарыс беру;
2-тармақша өзгертілді ҚР 26.06.2020 жылғы № 349-VI Заңымен (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) қаруды немесе арнаулы құралдарды иелену әрекетiн тыю;
4) сотқа және соттардың үйлерiне топтасып немесе қару қолданып жасалған шабуылға тойтарыс беру мақсатында қолдануға құқығы бар.
3. Сот приставы күш жұмсауды, соның iшiнде ұрыс тәсiлдерiн, сондай-ақ электрлік қаруды, тiзбесi арнаулы заңдармен белгiленетiн арнаулы құралдарды:
3-тармақ өзгертілді ҚР 02.04.2010 жылғы № 262-IV Заңымен(19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6(алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1) судьяларға және соттың талқылауына қатысушыларға жасалған шабуылға тойтарыс беру;
2) сот приставының қызмет мiндеттерiн атқаруы үстiнде оған күшпен қарсылық көрсету мен шабуыл жасауды тыю;
2-тармақша өзгертілді ҚР 26.06.2020 жылғы № 349-VI Заңымен (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) егер адам құқыққа қарсы iс-әрекеттердi тоқтату туралы талапты орындаудан бас тартса, ол адамды ұстау;
4) адамның қамаудан қашуына жол бермеу, сондай-ақ қамауда отырған адамды күш арқылы босату әрекетiне жол бермеу үшiн қолдануы мүмкiн.
4. Қарулы шабуыл жасаған және қарулы қарсылық көрсеткен немесе топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, қаруды, арнаулы құралдарды және ұрыс тәсiлдерiн әйелдерге, кәмелетке толмағандарға және айқын мүгедектiк белгiлерi бар адамдарға қатысты қолдануға тыйым салынады.
5. Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсiлдерi қолданылған барлық жағдайларда сот приставы айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шаралар қолдануға, қарудың, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсiлдерiнiң қолданылғаны туралы тиісті аумақтық бөлімшенің басшысына хабарлауға мiндеттi. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының приставы қарудың, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсiлдерiнiң қолданылғаны туралы уәкілетті органның басшысына хабарлауға мiндеттi.
5-тармақ өзгертілді ҚР 22.06.2006 жылғы № 147 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақ өзгертілді ҚР 27.12.2010 жылғы № 367-IV Заңымен(02.04.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсiлдерiн қолданудың адамдар өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрбiр жағдайында дереу прокурорға хабарланады.
6. Сот приставтары қару-жарағына кiретiн атыс қаруы мен оған арналған оқ-дәрiлер, электрлік қару мен арнаулы құралдар түрлерiнiң тiзбесiн және оларды бөлу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Сот приставтарының бөлiмшелерiн қарумен және арнаулы құралдармен қамтамасыз ету уәкiлеттi органға жүктеледi.
6-тармақ өзгертілді ҚР 05.05.2003  жылғы № 409-II Заңымен (07.07.1997 ж. редакцияны қараңыз)
6-тармақ өзгертілді ҚР 22.06.2006 жылғы № 147 Заңымен(20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
6-тармақ өзгертілді ҚР 02.04.2010 жылғы № 262-IV Заңымен(19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6(алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
6-тармақ өзгертілді ҚР 27.12.2010 жылғы № 367-IV Заңымен(02.04.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
9-бап. Сот приставтарының жауапкершiлiгi
Жасаған терiс қылықтары мен құқық бұзушылықтары, өз мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн сот приставтары заңдарда белгiленген тәртiппен жауапты болады.
9-1-бап. Сот приставының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
Кодекс 9-1-баппен толықтырылды ҚР 02.04.2010 жылғы № 262-IV Заңымен(19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6(алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
9-1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.06.2020 жылғы № 351-VI Заңына сәйкес (26.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мүдделі тұлға сот приставының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
10-бап. Сот приставтарын әлеуметтік қорғау шаралары
Тақырып өзгертілді ҚР 07.05.2007 жылғы № 244 Заңымен(22.06.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Сот приставтарын міндетті сақтандыру бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 07.05.2007 жылғы № 244 Заңымен(22.06.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2- тармақ алынып тасталды ҚР 07.05.2007 жылғы № 244 Заңымен(22.06.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Сот приставы қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде не қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақатының салдарынан қызметтен босағаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне соңғы атқарған қызметi бойынша жалақысының он еселенген жылдық мөлшерi көлемiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
3-тармақ өзгертілді ҚР 07.05.2007 жылғы № 244 Заңымен(22.06.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
4. Сот приставына қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде алған жарақаты, жаралану (контузия), мертiгу, сырқат салдарынан болған мүгедектiктi белгiлеу кезiнде оған мынадай мөлшерде бiржолғы өтемақылар:
4-тармақ өзгертілді ҚР 07.05.2007 жылғы № 244 Заңымен(22.06.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға – бес жылдық жалақысы;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – үш жылдық жалақысы;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға бір жылдық жалақысы төленеді.
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Сот приставы қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде мүгедектiкке әкелiп соқпаған ауыр зақым (жарақат, жаралану, контузия) алған жағдайда - оған үш айлық жалақысы, жеңiл зақым жағдайында айлық жалақысы мөлшерiнде өтемақы төленедi. Бұл ретте осы бапта көзделген біржолғы өтемақылар басқа төлемдерге, соның ішінде сақтандыру төлемдері мен зиянды өтеу тәртібімен жасалатын төлемдерге қарамастан төленеді.
5-тармақ өзгертілді ҚР 07.05.2007 жылғы № 244 Заңымен(22.06.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
6. Егер сот приставының қаза табуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы (мертiгуi) қызмет мiндеттерiн атқаруға байланысты емес жағдаяттарда болғаны белгiленген тәртiп бойынша дәлелденсе, осы бапта көзделген біржолғы өтемақы төленбейдi.
6-тармақ өзгертілді ҚР 07.05.2007 жылғы № 244 Заңымен(22.06.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
7. Қаза тапқан адамның отбасына және оның асырауындағыларға асыраушысынан айырылуына байланысты заңдарда белгiленген тәртiп бойынша зейнетақы тағайындалады.
8. Қайтыс болған немесе қаза тапқан сот приставын жерлеу үшiн төлем тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген мөлшерде берiледi.
11-бап. Сот приставтарының қызметiн қаржыландыру
11-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004  жылғы № 13 Заңымен (05.05.2003 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі  01.01.2005 жылдан бастап )
Сот приставтарының қызметiн қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
12-бап. Сот приставтарының қызметiн бақылау
12-бап өзгертілді ҚР 05.05.2003  жылғы № 409-II Заңымен (07.07.1997 ж. редакцияны қараңыз)
12-бап өзгертілді ҚР 22.06.2006 жылғы № 147 Заңымен(20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
12-бап өзгертілді ҚР 27.12.2010 жылғы № 367-IV Заңымен(02.04.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Жоғарғы Сотта және аумақтық бөлімшелерде сот приставтарының қызметін бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 
Президентi
Полная версия
ИС BestProfi