Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік құпиялар туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-I Заңы
Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңымен (16.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
мемлекеттік құпиялар - таратылуын мемлекет жалпы қабылданған халықаралық құқық нормаларына қайшы келмейтін әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-іздестірушілік және өзге де қызметті тиімді жүзеге асыру мақсатымен шектейтін, мемлекет қорғайтын мемлекеттік және қызметтік құпияларды құрайтын мәліметтер;
мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйе – мемлекеттік құпияларды қамтитын ақпаратты жасауға, іздеуге, жинауға, өңдеуге, жинақтауға, сақтауға, таратуға, бейнелеуге, пайдалануға және тұтынуға арналған, қолжетімділігі шектелген ақпараттық жүйе;
мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурс – электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық жеткізгіште, мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпарат;
мемлекеттік құпия - жарияланған немесе жоғалған жағдайда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін немесе нұқсан келтіруі мүмкін әскери, экономикалық, саяси және өзге де сипаттағы мәліметтер;
қызметтік құпия - мемлекеттік құпияның құрамына кіруі мүмкін, жарияланған немесе жоғалған жағдайда мемлекеттің ұлттық мүдделеріне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін жекелеген деректер сипаты бар мәліметтер;
құпиялылық белгісі - беру көзінің өзінде және (немесе) оған ілеспе құжаттамада көрсетілетін, беру көздерінде қамтылған мәліметтердің құпиялылық дәрежесін куәландыратын деректемелер;
мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат ету - өкілетті лауазымды адамның рұқсатымен нақты адамды мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтермен таныстыру;
мемлекеттік құпияларға рұқсат ету - азаматтарға мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат етілу, ал ұйымдарға - осындай мәліметтерді пайдалану арқылы жұмыс жүргізу құқығын ресімдеу рәсімі;
мәліметтер мен олардың көздерін құпияландыру - мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделерін көздеп, мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер таратуды және олардың көздеріне рұқсат етуді шектеу жөніндегі шаралардың жиынтығы;
мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер көздері - мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлімет нышандар, үлгілер, белгілер, техникалық шешімдер және процестер түрінде өз көрінісін табатын материалдық объектілер, оның ішінде физикалық өрістер;
мәліметтерді құпиясыздандыру - мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мүдделерін көздеп, мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді таратуға және олардың көздеріне рұқсат етуге белгіленген шектеулерді алып тастау жөніндегі шаралардың жиынтығы;
мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесі - мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының, олардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді және солардың көздерін қорғауда пайдаланатын құралдары мен әдістерінің, сондай-ақ осы мақсатта жүргізілетін шаралардың жиынтығы;
мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғау құралдары - мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғауға арналған техникалық, криптографиялық, бағдарламалық және басқа да құралдар, олар іске асырылған құралдар, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғаудың тиімділігіне бақылау жасау құралдары;
мемлекеттік құпияларды жария ету - мемлекеттік құпияларды олармен танысуға құқық берілмеген заңды және жеке тұлғаларға хабарлау, беру, табыс ету, жіберу, жариялау немесе кез-келген басқа әдістермен жеткізу;
Полная версия
ИС BestProfi