Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023
Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 365-I Заңы
Осы Заң күшін жойды 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР 20.04.2023 жылғы № 224-VII Кодексіне сәйкес
Құжат мәтініндегі «16 жасқа», «І», «II», «III» сөзі «он алты жасқа»,«бiрiншi», «екiншi», «үшiншi» сөздермен ауыстырылды  ҚР 31.12.2004 жылғы №28 Заңы бойынша (21.03.2002 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі  01.01.2005 жылдан бастап)
Редакция 09.07.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының осы Заңы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 19.01.2001  жылғы № 145-II Заңымен (өзгерту қолданысқа енгізіледі  01.01.2001 жылдан бастап)
1-бап өзгертілді ҚР 04.07.2006 жылғы № 148 Заңымен (15.12.2005 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі  01.07.2006 жылдан бастап)
1-бап өзгертілді ҚР 27.04.2012  жылғы № 15-V Заңымен (13.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-бап өзгертілді ҚР 17.03.2015 жылғы № 293-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2015 жылы № 52(28530) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) – жәрдемақыға құқығы бар азаматтарға жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай, оның ішінде электрондық ақшамен төленетін төлем;
1-тармақша өзгертілді ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) күтімді жүзеге асыратын адам – бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға онымен туыстық байланысына қарамастан күтімді тікелей жүзеге асыратын жеке тұлға;
1-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
1-1-тармақша өзгертілді ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңымен (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі – МӘС бөлімшесі) – уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
3) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) уәкілетті мемлекеттік орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;
5) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңына сәйкес (06.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңға сәйкес жәрдемақы төлеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының соған сәйкес қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен жәрдемақы алуға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жәрдемақы алуға арналған құқықты Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей пайдаланады.
3. Жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және оларды алуға құқығы бар азаматтарға ай сайын ақша, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен төлеуді білдіреді.
3-тармақ өзгертілді ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген бірнеше негіздемелер бойынша бір мезгілде жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға жәрдемақы олардың қалауы бойынша тек бір негіздеме бойынша ғана төленеді.
4-тармақ өзгертілді ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
3-1-бап. Орталық атқарушы органның құзыреті
1-тарау 3-1-баппен толықтырылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Полная версия
ИС BestProfi