Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023
Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126-I Заңы
Осы Заң күшін жойды 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР 20.04.2023 жылғы № 224-VII Кодексіне сәйкес
Құжат мәтініндегі "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - V" деген цифрлар "1 - 5" деген цифрлармен  сөздермен ауыстырылды ҚР 20.12.2004 жылғы №13 Заңы бойынша (09.01.2003 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап)
Құжат мәтініндегі "16 жасқа", "18 жасқа", "18 жастан", "23 жастан" деген сөзедер "он алты жасқа", "он сегіз жасқа", "он сегіз жастан", "жиырма үш жастан" деген сөздермен ауыстырылды ҚР 31.12.2004 жылғы №28 Заңы бойынша (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап)
Құжат мәтініндегі "І", "IІ", "III" деген цифрлар "бiрiншi", "екiншi", "үшiншi" деген сөздермен ауыстырылды ҚР 31.12.2004 жылғы №28 Заңы бойынша (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.08.2015 жылғы № 342-V Заңына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
Құжат мәтініндегі «мүгедектерге», «мүгедек адамдарды», «мүгедек адам», «мүгедек», «мүгедектердің», «мүгедек болғандар», «мүгедектер», «мүгедек болған адамдар», «мүгедек болған жағдайда», «мүгедек болған», «мүгедек балалар», «мүгедек балаларға» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарға», «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар адамдар», «мүгедектігі бар адамдар», «мүгедектігі бар адамдар», «мүгедектігі туындаған кезде», «мүгедектігі туындаған», деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар балалар», «мүгедектігі бар балаларға» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 09.07.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Азаматтардың мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген негiздерде және тәртiппен мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.08.2015 жылғы № 342-V Заңына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алу құқығын пайдаланады.
3. Бiр мезгiлде әртүрлi мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың тыңдауы бойынша бiр жәрдемақы тағайындалады.
3-тармақ өзгертілді ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңымен (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі мүгедектігі бар балалар мен бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға қолданылмайды.
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР 16.11.1999 жылғы №482-I Заңымен (16.06.1997 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2000 жылдан бастап)
4-тармақ өзгертілді ҚР 15.12.2005 жылғы №101  Заңымен (31.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2006 жылдан бастап)
4-тармақ алынып тасталды ҚР 17.03.2015 жылғы № 293-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2015 жылы № 52(28530) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Заң 1-1-баппен толықтырылды ҚР 09.01.2003 жылғы №13 Заңына сәйкес(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап)
1-1-бап өзгертілді ҚР 04.07.2006 жылғы №148 Заңымен (15.12.2005 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2006 жылдан бастап)
1-1-бап өзгертілді ҚР 17.03.2015 жылғы № 293-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2015 жылы № 52(28530) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі – МӘС бөлімшесі) – уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
2) мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар (бұдан әрі – жәрдемақылар) – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектік туындаған кезде және асыраушысынан айырылған кезде берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.08.2015 жылғы № 342-V Заңына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
3) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) уәкілетті мемлекеттік орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;
5) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңына сәйкес (20.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-бап. Жәрдемақылар төлеуге арналған қаражат
2-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы №13 Заңымен (09.01.2003 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап)
Осы Заңға сәйкес жәрдемақылар төлеу бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
3-бап. Жәрдемақылар тағайындау тәртібі
3-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы №13 Заңымен (09.01.2003 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап)
3-бап өзгертілді ҚР 04.07.2006 жылғы №148 Заңымен (15.12.2005 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2006 жылдан бастап)
3-бап өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (31.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-бап өзгертілді ҚР 17.03.2015 жылғы № 293-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2015 жылы № 52(28530) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жәрдемақылар тағайындау үшін өтініш жасау жәрдемақыға құқығы туындағаннан кейін, қандай да бір мерзіммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.
Полная версия
ИС BestProfi