Близость слов: Окончание:





Ұлттық архив қоры және архивтер туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-I Заңы
Осы Заңның тақырыбы өзгертілді ҚР 28.10.2015 жылғы № 368-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы № 208 (28686) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)» сөздері «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» сөздерімен ауыстырылды; «мұрағат», «мұрағаттарды», «мұрағаттардың», «мұрағаттар», «мұрағаты», «Мұрағат», «мұрағаттарының», «мұрағаттары», «мұрағаттың», «мұрағаттарындағы», «мұрағаттардағы», «мұрағатқа», «Мұрағатының», «мұрағаттарда», «мұрағаттарға», «мұрағаттық», «мұрағаттарынан», «мұрағаттарында» және «мұра­ғатты» сөздері «архив», «архивтерді», «архив­тердің», «архивтер», «архиві», «Архив», «архивтерінің», «архивтері», «архивтің», «архивтеріндегі», «архивтердегі», «архивке», «Архивінің», «архивтерде», «архивтерге», «архивтік», «архивтерінен», «архивтерінде» және «архивті» сөздерімен ауыстырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 368-V Заңы бойынша (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы № 208 (28686) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 30.12.2025 жылғы № 248-VIII Заңына сәйкес (өзгерту Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап, 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 
Редакция 02.03.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, жинақтау, сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы архив ісін мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Кіріспе өзгертілді ҚР 16.05.2018 жылғы № 155-VІ Заңымен (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 10.11.2001 жылғы № 256-II Заңымен ( 22.12.1998 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004  жылғы № 13 Заңымен ( 08.05.2003 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 13.02.2012 жылғы №  553-IV Заңымен ( 05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңымен (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1-бап өзгертілді ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңымен (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.05.2018 жылғы № 155-VІ Заңына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы мемлекеттік архив – осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының архив мекемесі немесе бөлімшесі не құрылымдық бөлімшесі құрамындағы бөлімшесі;
1-тармақша өзгертілді ҚР 30.12.2025 жылғы № 248-VIII Заңымен (10.01.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) архив – архивтік құжаттарды жинауды, сатып алуды, жинақтауды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алу мен пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;
3) архив коллекциясы – қор құрушылар қызметінде қалыптасқан, бір немесе бірнеше белгілері бойынша біріктірілген құжаттардың жиынтығы;
4) архив қоры – бір-бірімен тарихи немесе қисынды байланысты архивтік құжаттардың жиынтығы;
5) архивтік құжат – қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығына қарай сақталатын немесе сақталуға жататын, сол сияқты меншік иесі үшін құндылығы бар құжат;
5-1) архивтік құжаттарды депозитарлық сақтау – меншік иесінің архивтік құжаттарға меншік құқығын сақтай отырып, құжаттардың меншік иесі мен тиісті архив арасындағы шартта айқындалатын талаптармен құжаттарды архивте сақтау;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2025 жылғы № 248-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 02.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) архивтік құжаттарды есепке алу (бұдан әрі – есепке алу) – есепке алу бірліктерінде архивтік құжаттардың саны мен құрамын белгілеу және әрбір есепке алу бірлігінің белгілі бір кешенге және олардың есепке алу құжаттарындағы жалпы санына тиесілігін тіркеу;
7) архивтік құжаттарды пайдаланушы – ақпаратты пайдалану мақсатында алу үшiн архивтік құжаттарға жүгінетін жеке немесе заңды тұлға;
8) архивтік құжаттарды ретке келтіру (бұдан әрі – ретке келтіру) – архивтік құжаттарды сақтау бірліктеріне (істерге) қалыптастыру, осындай сақтау бірліктерін (істерді) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасына сәйкес сипаттау және ресімдеу жөніндегі жұмыстар кешені;
9) архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару – архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ақпараттық жүйелерге мәліметтерді көшіру;
9-1) архивтік құжаттың төлнұсқа құқығындағы көшірмесі – өзге мемлекеттердің, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардың меншігіндегі архивтік құжаттың төлнұсқасындағы ақпарат пен оның сыртқы белгілерін қайталап көрсететін көшірме;
1-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2025 жылғы № 248-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 02.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) архив ісі – жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын қалыптастырумен, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларын құрумен, архивтік құжаттарды жинауды, жинақтауды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алу мен пайдалануды ұйымдастырумен байланысты қызмет саласы;
11) аса құнды құжат – Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының баға жетпестей тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы, қоғам мен мемлекет үшін ерекше маңызы бар архивтік құжаты;
11-1) аудиовизуалды құжаттардың міндетті данасы – кино-, фото-, фоно- және бейнеқұжаттардың әр түрінің, өндірушісі мемлекеттік архивтерге өтеусіз беруге тиісті данасы;
1-бап 11-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2025 жылғы № 248-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 02.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi