Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк одақтар (кәсiподақтар) - дербес, тiркелген жеке мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiктер, оларды азаматтар өздерiнiң кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiрiп, қорғау, еңбек жағдайларын қорғау мен жақсарту үшiн ерiктi түрде құрады.
Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2014
Кәсiптiк одақтар туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуiрдегі № 2107-XII Заңы
Осы Заң күшін жойды 11.07.2014 жылдан бастап ҚР 27.06.2014 жылғы № 211-V Заңына сәйкес
Редакция 03.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
I-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк одақтар
2-бап. Қазақстан Республикасының кәсіптік одақтар туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының кәсіптік одақтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңның жекелеген салаларда қолданылу ерекшелiктерi
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде , басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында iшкi iстер ,ұлттық қауiпсiздiк органдарында осы Заңның қолданылу ерекшелiктерi осы құрамалар туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
Осы Заңның ережелерi Қазақстан Республикасында тұрып, жұмыс iстейтiн шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады, сондай-ақ республикадан тыс жерде iссапар тәртiбiмен жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының азаматтарына да қолданылуы мүмкiн.
4-бап. Кәсiптiк одақтар құру бостандығы
Қазақстан Республикасының азаматтары кәсiптiк одақтарға бiрiгуге құқылы.
Кәсiптiк одақтар өз мүшелерiнiң тең құқылығы негiзiнде құрылады. Бiр кәсiп (кәсiптер тобы) шеңберiнде құрылатын кәсiптiк одақтардың санына шек қойылмайды.
Барлық кәсiптiк одақтарға бiрдей құқылық мүмкiндiк берiледi.
Кәсiптiк одақтарды құруға кедергi келтiру, сондай-ақ оның қызметiне қарсы әрекет жасау заң бойынша қудаланады.
5-бап. Кәсiптiк одақтардың құрылу принциптерi мен өзара қатынастары
Кәсiптiк одақтар өндiрiстiк-салалық принцип бойынша құрылады.
Кәсiптiк одақтың iшкi құрылымы оның жарғысымен белгiленедi.
Кәсiптiк одақтар ерiктi негiзде өндiрiстiк (салалық), аумақтық және өзге принциптер бойынша одақтардың бiрлестiгiн құра алады, сондай-ақ оларға кiре алады, бiр-бiрiмен уақытша және тұрақты шарттар, келiсiмдер жасасып, бiрлескен акциялармен шаралар өткiзе алады.
Полная версия