Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңы
Редакция 17.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға және авиация қызметіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы экономикасының, жеке және заңды тұлғалардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әуе кеңістігі мен авиация қызметін пайдалану тәртібін айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 10.05.2017 жылғы № 64-VI Заңына сәйкес (28.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.05.2017 жылы № 88 (28468) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы №36-V  Заңымен (27.04.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авариялық-құтқару жұмыстары – апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелеріне уақтылы көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар кешені;
2) авиакомпания – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;
3) авиамаршрутқа арналған куәлiк – авиациялық маршрутты тұрақты рейстерді орындау үшін пайдалану құқығына арналған құжат;
4) авиация – қызметі әуе кемелерінің көмегімен адамның әуе кеңістігін пайдалануына және оған жағдайлар жасауға бағытталған ұйымдардың барлық түрлері;
5) авиациялық жұмыстар - басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделері үшін пайдаланушы азаматтық әуе кемелерін қолдана отырып орындайтын мамандандырылған операциялар;
5-1) авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, пайдаланушының авиациялық жұмыстарға жіберілуін куәландыратын, белгіленген нысандағы құжат;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2022 жылғы № 174-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2023 жылдан бастап)
6) авиациялық қауіпсіздік - азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау, оған шаралар кешенін іске асыру мен адами және материалдық ресурстарды тарту арқылы қол жеткізіледі;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 10.05.2017 жылғы № 64-VI Заңына сәйкес (28.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.05.2017 жылы № 88 (28468) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.05.2017 жылғы № 64-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.05.2017 жылы № 88 (28468) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-1-тармақша алынып тасталды ҚР 29.12.2022 жылғы № 174-VII Заңымен (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2023 жылдан бастап)
7) авиациялық қызмет - әуе кемелерінің көмегімен адамның әуе кеңістігін пайдалануына жағдайлар жасауға бағытталған қызметтің барлық түрі;
8) авиациялық қызметтер көрсету – азаматтық авиацияның жолаушыларды, багажды, жүкті, почта жөнелтілімдерін әуемен тасымалдауды ұйымдастыру мен қамтамасыз етуге және авиациялық жұмыстарды ақысын алып немесе жалдау бойынша орындауға байланысты қызметтер көрсетуі;
9) авиация қызметіне заңсыз араласу – авиацияның қауiпсiз қызметiне қол сұғатын, адамдардың бақытсыз жағдайға ұшырауына, материалдық зиян шегуге, әуе кемесiн басып алуға немесе айдап әкетуге әкеп соққан немесе осындай салдардың туындау қатерін төндiрген құқыққа қарсы әрекет;
10) авиациялық маршрут (авиамаршрут) – авиатасымалдар пункттері арасындағы олардың үстінен әуе қатынасы жүзеге асырылатын жер бетiнiң географиялық сипаттамасы немесе географиялық сипаттамаларының комбинациясы;
10-1) авиациялық медицина – авиациялық ұшуды медициналық қамтамасыз ету мәселелерін зерделеуге арналған медицина саласы;
1-бап 10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.05.2017 жылғы № 64-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.05.2017 жылы № 88 (28468) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.12.2022 жылғы № 174-VII Заңына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-2) авиациялық медициналық инспектор – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық медицина саласында біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі бар және азаматтық және эксперименттік авиация саласында сертификаттауды, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген авиация инспекторы;
1-бап 10-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.05.2017 жылғы № 64-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.05.2017 жылы № 88 (28468) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.12.2022 жылғы № 174-VII Заңына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi