Близость слов: Окончание:





Туристі мiндеттi сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 513-II Заңы
Құжат мәтініндегі «туроператордың және турагенттiң», «Туроператордың және турагенттiң», «Туроператор мен турагенттiң», «туроператор мен турагенттiң», «туроператор мен турагент» сөздері «туроператордың немесе турагенттiң», «Туроператордың немесе турагенттiң», «Туроператордың немесе турагенттiң», «туроператордың немесе турагенттiң», «туроператор немесе турагент» сөздерімен ауыстырылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңы бойынша (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Осы Заңның тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (10.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құжат мәтініндегі «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн», «туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн», «Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн», «Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн», «туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн» сөздері «Туристі», «туристі» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (10.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (өзгерту 12.09.2022, 01.01.2024 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 26.07.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң туристі мiндеттi сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 05.07.2008 жылғы №  59-IV Заңымен (07.05.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 15.07.2011 жылғы № 461-IV Заңымен (30.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (10.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ассистанс – ассистанс компанияның сақтандырылушыға сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан техникалық, медициналық және өзге де жәрдемдесу арқылы көмекті ұйымдастыруы;
2) ассистанс компания – туристі міндетті сақтандыру шарты шеңберінде сақтандырушымен шетелге шығатын туриске (сақтандырылушыға) ассистанс беру туралы шарт жасасқан заңды тұлға;
3) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
4) сақтандыру жағдайы – басталғанынан кейін туристі міндетті сақтандыру шартында сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін оқиға;
5) сақтандыру омбудсманы – «Сақтандыру қызметі туралы»  
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
6) сақтандыру сертификаты – жасалған сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) растау үшін сақтандырушы ресімдеген, сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың бар екені туралы куәландыратын және сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыруды жабу талаптары туралы ақпаратты қамтитын құжат;
7) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
8) сақтандыру сыйлықақысы – сақтандырушының туристі міндетті сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін сақтанушы оған төлеуге міндетті болатын ақша сомасы;
9) сақтандыру төлемі – сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;
10) сақтандырушы – «жалпы сақтандыру» саласында немесе «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырылушыға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті сақтандыру ұйымы;
11) сақтандырылушы – шетелге шығатын турист;
12) сақтанушы – сақтандырылушының пайдасына сақтандырушымен туристі міндетті сақтандыру шартын жасасқан шығу туризмі саласындағы туроператор;
13) турагент – шығу туризмі саласындағы туроператор қалыптастырған туристік өнімді алға ілерілету мен өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;  
14) туристі міндетті сақтандыру – сақтандырылушының осы Заңда көрсетілген оқиғалар салдарынан күтпеген шығыстардың туындау тәуекеліне байланысты мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар кешені.
Полная версия
ИС BestProfi