Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.01.2019
Табиғи монополиялар туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегі № 272 Заңы
Бүкіл мәтін бойынша "табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган", "Табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк органның", "табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк органның", "Табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган", "табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк органға", "табиғи монополиялар аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "Уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органның", "Уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен өзгертілді ҚР 05.07.2006 жылғы № 166 Заңымен (20.02.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Құжат мәтініндегі «почта», «Почта» сөздері «пошта», «Пошта» сөздерімен ауыстырылды ҚР 03.07.2014 жылғы № 230-V Заңы бойынша (12.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңның тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
Құжат мәтініндегі «, реттелетін нарық», «және реттелетін нарық», «және реттелетін нарықтар» сөздері алынып тасталды ҚР 11.07.2017 жылғы № 89-VI Заңымен (10.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2017 жылы № 132 (28511) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заң күшін жойды 2019 жылғы 15 қаңтардан бастап ҚР 27.12.2018 жылғы № 204-VІ Заңына сәйкес
Редакция 08.06.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң табиғи монополиялар салаларындағы қызметті реттейді, сондай-ақ тұтынушылардың, табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Кіріспе өзгертілді ҚР 29.12.2008 жылғы № 116-IV Заңымен ( 05.07.2008 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2009 жылдан бастап)31.12.2008 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
1) табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылаудың құқықтық негіздерін айқындау;
1-тармақша өзгертілді ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңымен (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
2) тұтынушылар мен табиғи монополия субъектiлерi мүдделерiнiң теңдестiрiлуiне қол жеткізу;
2-тармақша өзгертілді ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңымен (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
2-тармақша өзгертілді ҚР 28.12.2016 жылғы № 34-VI Заңымен (09.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
3) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің қабылданатын шешімдердің сабақтастығын, ашықтығын, объективтілігін, айқындығын және тәуелсіздігін қамтамасыз ететін рәсімдерін қолдану;
1-бап 3-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.12.2016 жылғы № 34-VI Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
4) бекітілетін тарифтердің реттеу қолданылатын табиғи монополиялар салаларындағы көрсетілетін қызметтердің сапасына сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады.
1-бап 4-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.12.2016 жылғы № 34-VI Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
1-1-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы
1-1-баптың тақырыбы өзгертілді ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңымен (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
1. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңымен (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 29.12.2008 жылғы № 116-IV Заңымен ( 05.07.2008 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2009 жылдан бастап)31.12.2008 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
1. Осы Заң табиғи монополиялар субъектiлерiнiң өмiр сүруiне және iс-әрекетiне байланысты қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногында туындайтын қатынастарға қолданылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 29.12.2008 жылғы № 116-IV Заңымен ( 05.07.2008 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2009 жылдан бастап)31.12.2008 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңымен (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
2. Осы Заңның ережелерi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, олардың құрылтайшыларының (қатысушыларының) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасалатын әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) де, осы әрекеттер (әрекетсiздiк) осы Заңға қайшы келген және табиғи монополиялардың қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушыларға залал келтiрген жағдайларда қолданылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңымен (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
3. Осы Заңның күшi табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға мынадай:
3-тармақ өзгертілді ҚР 22.06.2012 жылғы №21-V Заңымен (01.02.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)23.06.2012жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
1) қызметі тек жеке өзiнiң ғана мұқтаждарына арналған объектiлердi салу мен пайдалануға байланысты болатын;
2) осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген қызмет:
осындай қызметтен түскен кірістер күнтізбелік бір жыл ішінде барлық қызметтен түскен кірістің бір пайызынан аспауға тиіс;
табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтерге 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған тарифтің деңгейін ұстау шарттарының жиынтығы сақтала отырып, жүзеге асырылатын жағдайлардың бірінде қолданылмайды.
Полная версия
ИС BestProfi