Осы Заң мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі жеке және заңды тұлғаларға мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету кезінде олардың құқықтары мен міндеттерін іске асырудың құқықтық тетіктерін айқындайды.
Внимание! Документ утратил силу с 22.07.2018
Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 122-V Заңы
Осы Заң күшін жойды 2018 жылғы 22 шілдеден бастап ҚР 05.07.2018 жылғы № 176-VІ Заңына сәйкес
Редакция 01.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) құқықтық ақпарат беру – Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында не көріп танысу түрінде ақпарат ұсыну арқылы белгіленбеген тұлғалар тобына көрсетілетін, мемлекет кепілдік берген заң көмегінің түрі;
2) құқықтық консультация беру – мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға ауызша және жазбаша консультациялар нысанында, оның ішінде арыздарды, шағымдарды, өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау мәселесіне қатысты консультациялар нысанында көрсетілетін, мемлекет кепілдік берген заң көмегінің түрі;
3) мемлекет кепілдік берген заң көмегі – заң көмегін алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негізде және тәртіпте тегін негізде көрсетілетін заң көмегі;
4) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін субъектілер – мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
5) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесі – заң көмегіне мемлекет кепілдік берген құқықты іске асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтық негіздері мен тетіктері;
6) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – халыққа құқықтық көмек пен заң қызметтерін көрсету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
Осы Заңның күші жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
4-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудің негізгі қағидаттары
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету:
1) заңдылық;
2) мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегіне мұқтаж жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы;
Полная версия