1. Қазақстан Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады.
Қазақстан Республикасының Орман кодексі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі 477-II Кодексі
Құжат мәтініндегі «саябақтарға», «саябақтар», «табиғи саябақ», «саябақтардың» сөздері «парктерге», «парктер», «табиғи парктер», «парктердің» сөздерімен ауыстырылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 73-VІ Заңы бойынша (20.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.06.2017 жылы № 115 (28494) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 17.07.2025 жылғы № 213-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.10.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 13.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының орман заңдары
2. Жаңа орман екпелерін отырғызу мен тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру арқылы парниктік газдарды сіңіруге бағытталған мемлекеттік орман қоры жерлерінде іске асырылатын көміртегі офсеттерін қоспағанда, өсімдіктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесiн, су қорын, жер қойнауын, жердi, атмосфералық ауаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен реттеледi.
2-тармақ өзгертілді ҚР 09.04.2025 жылғы № 179-VIII Заңымен (08.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ өзгертілді ҚР 26.06.2025 жылғы № 198-VIII Заңымен (24.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-бап. Осы Кодекспен реттелетін қатынастар
1. Осы Кодекс орман қорын иелену, пайдалану, оған билiк ету жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ орман қорын күзетудiң, қорғаудың, молықтырудың, оның экологиялық және ресурстық әлеуетiн көтерудiң, оны ұтымды пайдаланудың құқықтық негiздерiн белгiлейдi.
2. Орман құқығы қатынастарын реттеу орман биосфераның ғаламдық экологиялық, әлеуметтiк және экономикалық мәнi бар аса маңызды компоненттерiнiң бiрi болып табылатыны негiзге алына отырып жүзеге асырылады.
3. Егер Қазақстан Республикасының Экология кодексінде өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің күші жаңа орман екпелерін отырғызу мен тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру арқылы парниктік газдарды сіңіруге бағытталған, мемлекеттік орман қорының жерлерінде іске асырылатын көміртегі офсеттері бойынша қоғамдық қатынастарға қолданылады.
2-бап 3-тармақпен толықтырылды ҚР 26.06.2025 жылғы № 198-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 08.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бап. Қазақстан Республикасы орман заңнамасының мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
3-бап өзгертілді ҚР 07.07.2006 жылғы №176-III Заңымен (31.01.2006 ж. редакцияны қараңыз) 3-бап өзгертілді ҚР 25.01.2012 жылғы №548-IV Заңымен (12.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) 3-бап өзгертілді ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңымен (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 3-бап өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-бап өзгертілді ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңымен (27.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.06.2025 жылғы № 198-VIII Заңына сәйкес (24.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасы орман заңнамасының мақсаттары мыналар болып табылады:
1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуді қамтамасыз ету;
2) ормандардың, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң, мәдени және табиғи мұраның биологиялық әралуандығын сақтау, оларды ұтымды пайдалану үшін құқықтық негіздер жасау.
2. Қазақстан Республикасы орман заңнамасының міндеттері мыналар болып табылады:
1) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі қызметті мемлекеттік реттеу;
2) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі қызметті ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету;
3) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
Полная версия

