1. Қоса беріліп отырған Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысаны бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 23.07.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 24 қазан N 1359
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 маусымдағы N 773 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 24 қазандағы N 1359 қаулысымен бекiтiлген
Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысаны
Үлгі нысан жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.04.2004. № 497 қаулысымен. (24.10.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
_________________ N 200_ жылғы "___"_________ (елдi мекен)
Бұдан әрi "Иеленушi" деп аталатын, _________ негiзiнде әрекет ететiн _______________ атынан _______________ және бұдан әрi "АҚК" (астық иесi) деп аталатын, ____________ негiзiнде әрекет ететiн _______________ атынан, _____________________ бiрлесiп "Тараптар" деп аталатындар, (астық қабылдау кәсiпорны) мына төмендегiлер туралы осы шартты жасасты.
1. Шарттың мәнi
1. Осы шартқа сәйкес және оның талаптарымен АҚК-нiң астықты сақтау жөнiнде өтелiмдi қызметтер көрсетуі осы шарттың мәнi болып табылады.
2. Сақтауға берілетін астықтың көлемі мен сипаттамасын, астықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жеткiзiлетiн сапа көрсеткiштерiн осы шарттың 1-қосымшасына сәйкес тараптар анықтайды.
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
1. АҚК:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өтінiмде көрсетiлген сан мен көлемде Иеленушi өтiнiм берген сәтiнен бастап 3 күннен аспайтын мерзiмде сақтауға қабылданған астыққа астық қолхаттарын беруге;
2) Астықты қабылдағанда оның сапасын анықтауды осы шарттың 1-қосымшасында көрсетілген стандартқа сәйкес жүзеге асыруға;
3) Иеленушi берген астықты астық қолхаттарында көрсетiлген caн мен сапада сақтауды қамтамасыз етуге;
4) Мемлекеттiк стандарттармен, техникалық регламенттермен, техникалық шарттармен және нормативтiк құқықтық кесiмдермен белгiленген сақтау шарттарын орындауға;
Полная версия