"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын іске асыру және мемлекеттік астық ресурстарын мемлекеттік басқаруды тәртіпке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 15.02.2016
Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 қаулысы
Тақырыбы ҚР Үкіметінің 24.05.2005. № 503 қаулысының редакциясында Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 15 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1185 Қаулысына сәйкес
Редакция 14.09.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесі бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.05.2005. № 503 қаулысымен. (07.10.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
2. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент болып белгіленсін.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің ҚР Үкіметінің 27.08.2008 № 776 Қаулыcымен. (24.05.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.10.2002. № 1096 қаулысымен. (08.11.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 қаулысымен бекiтiлген
Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесi
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 14.09.2010 № 940 (28.08.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік азық-түліктік астық резервін, мемлекеттік жемдік астық ресурстарын, мемлекеттік тұқым ресурстарын, мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын, мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану тәртібін реттейді.
2. Мемлекеттік ресурстардың астығы мемлекеттік (республикалық) меншік болып табылады.
3. Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент (бұдан әрі - агент) өзіне жүктелген функцияларды «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңында (бұдан әрі - Заң) белгіленген құзыреті шегінде осы Ережеге сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен (бұдан әрі — уәкілетті орган) шарт негізінде жүзеге асырады.
4. Агент мемлекеттік астық ресурстарын басқаруға байланысты қызметтің нәтижелері бойынша уәкілетті органға Қазақстан Республикасында астықты өндіру, сақтау және сату үдерісіндегі қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен есептілік береді.
2. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру және жаңарту
5. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруды Агент Заңда және осы Ережеде белгіленген тәсілдермен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен көлемді құру және оған жеткізу мақсатында жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік астық ресурстарын жаңартуды Агент осы Ережеде белгіленген тәртіппен мемлекеттік астық ресурстарын бекітілген көлемге дейін толтыру және қажетті сапада ұстап отыру мақсатында жүзеге асырады.
7. Мемлекеттік астық ресурстарына астықты сатып алуды Агент Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, Заңға, осы Ережеге, уәкілетті органмен жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырады.
Полная версия