Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 23.07.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 859 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық әуе  кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормалары бекітілсін.
2. «Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қыркүйектегі № 779 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 26 шілдедегі
 № 859 қаулысымен
 бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының нормалары 1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының нормалары (бұдан әрі – Нормалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 9) тармақшасына сәйкес азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мақсатында әзірленді және азаматтық әуе кемелерінің (бұдан әрі – ӘК) конструкциясына, параметрлеріне және ұшу сапасына қойылатын негізгі талаптарын белгілейді.
2. Осы Нормалар азаматтық әуе кемелеріне, азаматтық әуе кемелерінің қозғалтқыштары мен жабдықтарына қолданылады және мемлекеттік стандарттарды, техникалық тапсырмаларды және азаматтық әуе кемесінің техникалық шарттарын әзірлеу кезінде міндетті болып табылады.
3. Осы Нормалардың талаптары Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерін конструкциялау, өндіру, сынау, сертификаттау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде олардың меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің орындауы үшін міндетті.
4. Осы Нормалардан ауытқуды, егер жекелеген нормаларды орындамау белгіленген тәртіппен сертификатталған және орындаушы мен тапсырыс беруші қабылдаған ұшу жарамдылығының баламалы деңгейін қамтамасыз ететін басқа шаралармен өтелетін болса, Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қолайлы деп таниды.
5. Осы Нормаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ұшу жарамдылығы нормалары – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған азаматтық әуе кемесінің конструкциясына, параметрлеріне және ұшу сапасына, азаматтық әуе кемесінің қозғалтқыштары мен жабдықтарына қойылатын талаптар;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименталдық авиация қызметі саласында басшылық етуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) әуе кемесі – жер (су) бетінен қайтарылған ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебінен атмосферада қалықтайтын аппарат;
4) тапсырыс беруші – азаматтық ӘК-ге тапсырыс беруші және (немесе) оны пайдаланушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары, азаматтық авиация ұйымдары;
5) орындаушы (дайындаушы) – авиациялық техникалардың тәжірибелі үлгісін жобалауды, жасауды және ӘК сериялық шығаруды, қозғалтқыштар мен жабдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйым;
Полная версия
ИС BestProfi