Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.03.2021
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидаларын және шарттарын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидаларын, сондай-ақ лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәірдегі N 122 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 12 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4731 болып енгізілді.
Осы Қаулы күшін жойды 2021 жылғы 13 наурыздан бастап ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 24 Қаулысына сәйкес
Қаулы тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 17 Қаулысына сәйкес (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулысының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 47 Қаулысына сәйкес (27.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 28.04.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Сақтандыру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 17 Қаулысына сәйкес (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 47 Қаулысына сәйкес (27.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидалары және шарттары, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидалары, сондай-ақ лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Мынадай қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 11 қаулы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4076 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2006 жылғы 17 ақпанда N 28-29 (1008-1009) жарияланған);
2) Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 12 қаулы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4077 тіркелген).
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):
1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2007 жылғы
30 сәуірдегі № 122 қаулысына
1-қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидалары және шарттары, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 17 Қаулысымен (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР  Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 жылғы № 235 Қаулысымен (27.12.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.12 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2013 жылғы № 110 Қаулысымен (24.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.13 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 жылғы № 109 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.11.2014 жылдан бастап)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 жылғы № 261 Қаулысымен (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.02.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 жылғы № 93 Қаулысымен (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 127 Қаулысымен (27.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 17 Қаулысымен (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.09.2018 жылғы № 230 Қаулысымен (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2019 жылдан бастап)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 47 Қаулысына сәйкес (27.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидалары және шарттары, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы және «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидаларын және шарттарын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.
Полная версия
ИС BestProfi