Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2015
"Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 771 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 05.06.2015 жылғы № 408 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 391-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2013 жылғы 2 тамыздағы
№ 771 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2005 жылғы 20 шілдедегi
№ 750 қаулысымен
бекiтілген
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесi
1. Осы Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі, «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы, «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі заңдарына сәйкес әзірленді және мүгедектікті әрі еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеудің, сондай-ақ куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау тәртібін регламенттейді.
2. Мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуді, сондай-ақ куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін белгілеуді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті аумақтық бөлімшелерінің медициналық-әлеуметтік сараптама және/немесе медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімдері медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізу жолымен жүргізеді.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілік – қызметкердің кәсіптік даярлығының дәрежесі, оның күрделілігі белгілі дәрежедегі жұмысты орындау үшін қажетті білімі, ептілігі мен дағдыларының болуы;
2) еңбек қабілеті – жұмыстың орындалу мазмұнына, көлеміне және шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес қызметті жүзеге асыру қабілеті;
3) еңбек ету қабiлетiнен айырылу – қызметкердiң жұмысты орындау, қызмет көрсету қабiлетiнен айырылуы, оның дәрежесi айырылған еңбек ету қабiлетiне пайыздық қатынаста көрсетіледі (бұдан әрі - жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылу);
4) кәсіп – арнайы даярлықтың және жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде алған теориялық білімі мен практикалық машықтар кешенін меңгерген адамның еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі;
5) кәсіптік ауру – қызметкердiң өзінің еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауына байланысты оған зиянды өндiрiстiк факторлардың әсер етуiнен болған созылмалы немесе қатты ауру;
6) кәсіптік еңбек ету қабілеті – қызметкердің белгілі бір біліктіліктегі, көлемдегі және сападағы жұмысты орындауға қабілеті;
7) кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі (бұдан әрі – КЕА дәрежесі) – қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау қабілеті төмендеуінің деңгейі;
Полная версия
ИС BestProfi