Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту және «Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің, теңізде жүзу кітапшасының, дипломдарды растаудың үлгісін, оларды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 797 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 863 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 539 Қаулысына сәйкес (27.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 15.03.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 31-2) тармақшасына және «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 539 Қаулысына сәйкес (27.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісі және оны қорғауға қойылатын талаптар;
2) Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары бекітілсін.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 539 Қаулысына сәйкес (27.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 623 Қаулысымен (16.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.08.2015 жылы № 163 (28641)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының    Премьер-Министрі    С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 863 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының теңiзшiсi жеке куәлiгiнiң үлгiсi және оны қорғауға қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң жеке куәлiгi (бұдан әрi – ТЖК) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 9303-құжатының 3-бөлiгiндегi (алтыншы басылым, 2006 жыл) талаптарға және машина оқитын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес машинамен оқу үшiн жарамдылығына сәйкес теңiзде жұмыс iстеу ерекшелiктерiн ескере отырып, жоғары сапалы материалдардан жасалады.
2. ТЖК мөлшерi – 84 х 118 милиметр. Ламинатталған ТЖК бланкiсiнiң форматы – 88 х 125 милиметр.
3. ТЖК-да жазулар мемлекеттiк және ағылшын тiлдерiнде жүргiзiледi.
4. ТЖК бланкiсiнiң (1-суретке сәйкес) беткi және (2-суретке сәйкес) артқы жақтары болады. Бланкiнiң түстiк реңкi – көгiлдiр.
5. ТЖК-нiң беткi жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, құжат үлгiсi және Қазақстан Республикасының коды, теңiзшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған күні мен жерi, азаматтығы, жынысы, жеке сәйкестендiру нөмiрi, ТЖК иесінің фотобейнесi және жеке қолы басылған түрде орналастырылады. Машина оқитын екi өлшемдi штрих-кодқа қол саусақтарының iздерi негiзiнде жасалған иесiнiң биометрикалық деректерi орналастырылған. Бұдан басқа беткi бөлiгi ТЖК-нiң берiлген күнi, орны және қолданылу мерзiмiнiң аяқталатын күні туралы ақпаратты қамтиды.
ТЖК-нің беткi жағы екi бөлiктен тұрады:
5-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 520 Қаулысына сәйкес (10.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
жоғарғы бөлiгi – көрнекi аймақ, онда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы және мынадай жазулар орналастырылған:
Полная версия
ИС BestProfi