«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 32) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 869 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 750 Қаулысына сәйкес «Жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 17.03.2015 жылғы № 207 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 869 қаулысымен бекітілген
Жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленген және жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ақпараттық-өлшеу жүйесі – бұл жылу энергиясын есепке алу деректерін өлшеу, жинақтау, өңдеу, сақтау және беру үшін өлшеу және аппараттық-бағдарламалық кешен құралдарының жиынтығы;
2) бу есептеуіш – ағын жылдамдығының бағытына перпендикуляр қиып өту арқылы құбырда ағатын бу массасын (көлемін) өлшеуге арналған өлшегіш аспап;
3) есепке алу аспаптарының ақаулы болу уақыты – есепке алу торабы аспаптарының ақаулы күйде болған уақыт интервалы;
4) есепке алу торабы аспаптарының жұмыс уақыты – аспаптар көрсеткіштері негізінде жылу энергиясын және жылу жеткізгішінің массасын (көлемін) есепке алу, сондай-ақ оның температурасы мен қысымына бақылау жүргізілетін уақыт интервалы;
5) есепке алу торабы – тұтынушыға төлеуге ұсыну үшін жылу энергиясын есепке алуды қамтамасыз ететін аспаптар мен құрылғылар жүйесі;
6) жылу есептеуіш – жылу энергиясының санын айқындауға және жылу жеткізгішінің массасы мен параметрлерін өлшеуге арналған аспап немесе аспаптар жиынтығы;
7) жылу есептегіш – жылу энергиясының санын жылу жеткізгішінің массасы (көлемі), температурасы және қысымы туралы кіріс ақпарат негізінде есептеуді қамтамасыз ететін құрылғы;
8) жылумен жабдықтау – тұтынушыларға жылу энергиясын беру жөніндегі іс-шаралар;
9) жылумен жабдықтаудың (ыстық сумен жабдықтаудың) ашық жүйесі – жылу желісінен ыстық суды бұру арқылы жылумен жабдықтауға және ыстық сумен жабдықтауға арналған инженерлік құрылыстардың технологиялық байланысқан кешені;
10) жылумен жабдықтау жүйесі – жылу көздерінің, жылу желілерінің және жылу тұтыну қондырғыларының жиынтығы;
Полная версия