Близость слов: Окончание:





Жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 207 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10862 тіркелді
Редакция 11.08.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В.Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН»  
Қазақстан Республикасының  
Ұлттық экономика министрі  
 _______________ Е. Досаев  
2015 жылғы 3 сәуір
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 17 наурыздағы
№ 207 бұйрығымен
бекітілген
Жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидалары
1. Осы Жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес әзірленген және жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ақпараттық-өлшеу жүйесі – бұл жылу энергиясын есепке алу деректерін өлшеу, жинақтау, өңдеу, сақтау және беру үшін өлшеу және аппараттық-бағдарламалық кешен құралдарының жиынтығы;
2) буды есепке алу құралы – ағын жылдамдығының бағытына перпендикуляр қиып өту арқылы құбырда ағатын бу массасын (көлемін) өлшеуге арналған өлшегіш құрал;
Полная версия
ИС BestProfi