Индустриялық-инновациялық саясат саласындағы қызметті жандандыру және мемлекеттік органдардың күш-жігерін шоғырландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 29.04.2022

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі N 1048 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.04.2022 жылғы № 268 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Үйлестіру кеңесінің құрамы;
2) Үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі N 1048 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже
Осы Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) қызметінің міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негіздерін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Үйлестіру кеңесі экономиканың орнықты әрі теңгерімді өсуі және елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында құрылды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.10.2011 жылғы № 1176 Қаулысымен (26.02.2010 ж. редакцияны қараңыз)
2. Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Ережені басшылыққа алады.
4. Үйлестіру кеңесінің шешімі ұсынымдық сипатта болады.
2. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері мен функциялары
5. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеті:
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.10.2011 жылғы № 1176 Қаулысымен (26.02.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1) дамуы елді үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту көзқарасы тұрғысынан маңызды болып табылатын өнеркәсіптің нақты кіші салалары мен секторларын айқындау;
15-1. Дауыс беру парақтарымен қоса, Үйлестіру кеңесінің материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы жүзеге асырады.
Ереже 15-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
16. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
16-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
17. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
17-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
4. Үйлестіру кеңесінің қызметін тоқтату
18. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Үйлестіру кеңесінің қызметін тоқтату үшін негіздеме болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі N 1048 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.02.2017 жылғы № 70 Қаулысымен (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, төрағаның орынбасары
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат коры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Құрам жолмен толықтырылды ҚР Үкіметінің 15.02.2017 жылғы № 70 Қаулысына сәйкес
«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.06.2017 жылғы № 385 Қаулысына сәйкес (15.02.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия