Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2014
"Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 125 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 қыркүйектегі № 955 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 01.01.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 10.04.2014 жылғы № 341 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 125 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидалары бекітілсін.»;
Көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабын және «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабын іске асыру мақсатында әзірленді.»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) айырманы төлеу – алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – Қор) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәті:
1) Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде – Заңның 11-бабының 1 - 2 - 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен күні;
2) Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде – мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген күні;
3) Заңның 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде – Заңның 65-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдері тағайындалған күні;
4) Заңның 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде – Қазақстан Республикасынан тыс жерге кету ниетін немесе фактісін дәлелдейтін құжатты ресімдеу күні басталады.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемін алу құқығына ие болу сәті зейнетақы жинақтарына алғаш рет өтініш берген күнге белгіленеді.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер айырма төлеміне Орталықтан зейнетақы және өзге де төлемдерді алушы өтініш білдірсе, өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттар қоса берілмейді. Аталған адамның өтініші Орталықтан төленетін зейнетақы және өзге де төлемдер бойынша істер макетіне қосылады.»;
9, 10, 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Орталық айырманы төлеу туралы өтінішті қабылдаған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде Қорға осы адамның жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнге міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыну туралы хабарлама жібереді.
10. Қор сұрау келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамның зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәтіндегі зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді ЭЦҚ қоя отырып, Орталыққа электронды форматта ұсынады.
11. Орталық Қордан мәліметтерді алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде қордан алынған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексеруді жүргізеді.
Егер алушының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте Қордағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан аз болса, Орталық бір жұмыс күні ішінде айырма төлемі сомасының есебін жүргізеді.»;
1, 2, 3, 4, 5-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 955 қаулысына
1-қосымша
Зейнетақы төлемдерін алушыларға
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорындағы міндетті зейнетақы
жарналарының нақты енгізілген
міндетті зейнетақы жарналары
мөлшерінде сақталуы жөніндегі
мемлекеттің кепілдіктерін
алушының зейнетақы
төлемдеріне құқықты
иеленуі кезіндегі инфляцияның
деңгейін ескере отырып орындау
қағидаларына
1-қосымша
Зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнге жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтер
Өтінім № Салымшының Т.А.Ә

Салымшының туған күні Салымшының ЖСН Бірінші рет алу күні

Бірінші рет алу сәтіндегі зейнетақы жинақтарының сомасы Бірінші рет алудың себебі
1 2 3 4 5 6 7
М.О. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының директоры
_________________________________________________ ______________
      (Т.А.Ә.) (қолы)

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының маманы
_______________________________________________________
      (Т.А.Ә.) (қолы)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 955 қаулысына
2-қосымша
Зейнетақы төлемдерін алушыларға
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорындағы міндетті зейнетақы
жарналарының нақты енгізілген
міндетті зейнетақы жарналары
мөлшерінде сақталуы жөніндегі
мемлекеттің кепілдіктерін
алушының зейнетақы
төлемдеріне құқықты
иеленуі кезіндегі инфляцияның
деңгейін ескере отырып орындау
қағидаларына
2-қосымша
Инфляция деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары туралы ақпарат
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)_____________________
туған күні (кк.аа.жжжж)_____________________________________________
ЖСН _____________________________________________________________
Келіп түскен міндетті зейнетақы жарналарының сомасы Келіп түскен міндетті зейнетақы жарналарының саны Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы






М.О. ЗТМО бөлімшесінің бастығы ________________________ ________
                                    (Т.А.Ә.)            (қолы)

ЗТМО бөлімшесінің маманы ______________________________ ________
                                   (Т.А.Ә.)             (қолы)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 955 қаулысына
3-қосымша
Зейнетақы төлемдерін алушыларға
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорындағы міндетті зейнетақы
жарналарының нақты енгізілген
міндетті зейнетақы жарналары
мөлшерінде сақталуы жөніндегі
мемлекеттің кепілдіктерін
алушының зейнетақы
төлемдеріне құқықты
иеленуі кезіндегі инфляцияның
деңгейін ескере отырып орындау
қағидаларына
3-қосымша
Ауданның коды__________________
Қазақстан Республикасы
___________________________ облысы бойынша
Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті
Өтініш

Азамат ___________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) толық)

Туған күні 19__ж. «___»______________,____________________________
мекенжайында тұратын
банктегі шотының № ___________ Банк филиалының №__________________
Байланыс
бөлімшесінің №__________________
Менің ЖСН ________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
№_____________________________
Кім берді_________________ Берілген күні__________________________

      Маған зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындауды сұраймын.
      Орталық бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығы үшін жауапты боламын.
      Орталыққа бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерге сұрау салуды өтінемін.

      Берілген күні_______________ Өтініш берушінің
қолы___________________
      Азамат_____________________________________________өтініші
20___ж. «___» №____________ қабылданды.

Құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:_____________

Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
Р/с № Құжаттың атауы Құжаттағы парақтар саны Ескертпе
















































__________________________________________________________________
      (қию сызығы)
      Азамат___________________ өтініші №__________болып тіркелді.

      Құжаттарды қабылдаған күн _____________________

      Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:_____
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 955 қаулысына
4-қосымша
Зейнетақы төлемдерін алушыларға
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорындағы міндетті зейнетақы
жарналарының нақты енгізілген
міндетті зейнетақы жарналары
мөлшерінде сақталуы жөніндегі
мемлекеттің кепілдіктерін
алушының зейнетақы
төлемдеріне құқықты
иеленуі кезіндегі инфляцияның
деңгейін ескере отырып орындау
қағидаларына
4-қосымша
Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін алушының ісі
Инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін алушының ісі
№_____________
Қазақстан Республикасы
Облыс

Қала (аудан)

Телефоны

Тегі

Аты

Әкесінің аты (болған кезде)

Жеке зейнетақы шоты

Банк филиалы

Банктік шоты

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 955 қаулысына
5-қосымша
Зейнетақы төлемдерін алушыларға
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорындағы міндетті зейнетақы
жарналарының нақты енгізілген
міндетті зейнетақы жарналары
мөлшерінде сақталуы жөніндегі
мемлекеттің кепілдіктерін
алушының зейнетақы
төлемдеріне құқықты
иеленуі кезіндегі инфляцияның
деңгейін ескере отырып орындау
қағидаларына
5-қосымша
_______________________облысы бойынша
Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің
20___ жылғы «__» ______________ №______ шешімі
Іс №____________
Зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасын тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы)
Азамат____________________________________________________________

Жынысы________ Туған күні 19___ж. «__» ____________
Өтініш берген күні 20___ж.«__»___________№_________
      1. Инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы_________________________________________теңге.
      (сомасы жазбаша)
      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы ___________________________ теңгені құрайды.
__________________________________________________________теңге.
      (сомасы жазбаша)
      3. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1-тармағына сәйкес инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасы:
__________________________________теңге мөлшерінде тағайындалсын.
      (сомасы жазбаша)
      4. Айырма төлемінің сомасын тағайындаудан бас тартылсын
__________________________________________________________________
      (негіздеме)

      М.О. Департамент директоры _________________________ _______
      (Т.А.Ә.) (қолы)
      Басқарма (бөлім) бастығы __________________________ ________
      (Т.А.Ә.) (қолы)
      Тағайындау жөніндегі маман ________________________ ________
      (Т.А.Ә.) (қолы)
      Шешім жобасы дайындалды:
      М.О. ЗТМО бөлімшесінің бастығы _____________________ _______
      (Т.А.Ә.) (қолы)
      ЗТМО бөлімшесінің маманы ___________________________ _______
      (Т.А.Ә.) (қолы)
Полная версия
ИС BestProfi