Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.05.2015
Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидасын, және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 510 Бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 4 ақпанда № 8323 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 4 мамырдан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 06.02.2015 жылғы № 116 Бұйрығына сәйкес
Редакция 28.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының бірінші бөлімінің 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) Сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Сәйкестiктi растау, тауарды шығарған елдi айқындау және аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің м.а. 2009 жылғы 9 қазандағы № 274 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5827 тіркелген, «Заң газеті» 2009 жылғы 5 қарашада № 169 (1766), Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдардың актілерінің жинағында 2009 жылы № 12 жарияланған), күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің м.а.
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 510 бұйрығымен бекітілді
Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау ҚАҒИДАСЫ
1. Осы Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы бірінші бөлімі 11) тармақшасына сәйкес әзірленген және Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (бұдан әрі – сарапшы-аудиторлар), қайта даярлау, біліктілігін арттыру (бұдан әрі – оқыту) және оларды аттестаттау тәртібін бекітеді және ұйымдастырады.
2. Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) білімді бақылау – нәтижесі бойынша оқытудан өткені туралы куәландыратын құжатты беру туралы шешім қабылданатын, өтініш берушінің тиісті оқыту курсы бойынша алған теориялық және практикалық білімін бағалау;
2) оқу бағдарламасы – әрбiр оқу пәнi (сабақ) бойынша меңгерiлуге тиiстi бiлiмнiң, шеберлiктiң, дағдылар мен бiлiктiлiктiң мазмұны мен көлемiн айқындайтын бағдарлама;
3) өтінім беруші – тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;
4) уәкілетті орган – техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Полная версия
ИС BestProfi