«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 Қаулысы.
Редакция 28.08.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті құрылсын.
3. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті болып қайта аталсын.
5. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
3) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
6. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі және Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
8. Күші жойылды (ескертуді қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі туралы ереже
Полная версия