Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 149 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 қыркүйекте № 8596 тіркелді
Тақырып өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.07.2014 жылғы № 139 Қаулысымен (28.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.09.2014 жылы № 145 (2539)„Заң„ газетінде жарияланды
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2024 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі төртінші абзацының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.07.2014 жылғы № 139 Қаулысымен (28.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.09.2014 жылы № 145 (2539)„Заң„ газетінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 жылғы № 100 Қаулысына сәйкес (14.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2024 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (24.12.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.07.2014 жылғы № 139 Қаулысымен (28.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.09.2014 жылы № 145 (2539)„Заң„ газетінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2024 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 97 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5421 тіркелген, 2008 жылғы 31 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 197 (1423) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық
Осы Нұсқаулық өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.07.2014 жылғы № 139 Қаулысымен (28.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.09.2014 жылы № 145 (2539)„Заң„ газетінде жарияланды
Осы Нұсқаулық өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 жылғы № 131 Қаулысымен (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Нұсқаулық өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2016 жылғы № 229 Қаулысымен (17.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Нұсқаулық өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 185 Қаулысымен (26.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Нұсқаулық өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 жылғы №171 Қаулысымен (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Нұсқаулық өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 жылғы № 100 Қаулысымен (14.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Нұсқаулық жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2022 жылғы № 88 Қаулысына сәйкес (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа
енгізіледі)
Осы Нұсқаулық жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2024 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 52-3-бабына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі төртінші абзацының 12) тармақшасына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді және онда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының (бұдан әрі – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары) бухгалтерлік есепті жүргізуін нақтылайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (24.12.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Нұсқаулықта Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, «Сақтандыру қызметі туралы», «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында көзделген ұғымдар пайдаланылады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары (бұдан әрі – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары) бухгалтерлік есепті жүргізген кезде «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 251 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16390 болып тіркелген) сәйкес шоттар қолданылады.
Клиенттердің сақтандыру ұйымдарының инвестициялық басқаруындағы активтерінің бухалтерлік есебін жүргізу кезінде «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 251 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16390 болып тіркелген) сәйкес баланстан тыс шоттар қолданылады.
4. Бухгалтерлік есепті жүргізуді регламенттейтін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ішкі құжаттарында көзделген тәртіпте «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына қайшы келмейтін бөлікте қосымша бухгалтерлік жазбаларды жасауға рұқсат етіледі.
Шетел валютасындағы операциялардың сомасын валюталық позицияның шоттарын және шетел валютасының контр құнын пайдалана отырып көрсетуге рұқсат етіледі. Сыйақы түріндегі кіріс пен шығыс «Қаржы құралдары» 9 (IFRS) халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісін пайдалана отырып танылады.
1-параграф. Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша есепке алынатын сатып алынған борыштық бағалы қағаздарды есепке алу
5. «Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар» санатына сыныпталған борыштық бағалы қағаздарды сатып алған кезде (мәміле бойынша шығыннан тұратын сатып алу құнына) мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады: