Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.01.2016
"Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 705 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1103 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1108 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 705 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 54, № 725-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидалары бекiтілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беру қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 24-12) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
«Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру тәртiбi» деген 2-бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру тәртiбi»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми ұйымға қағаз нысанда не «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйесінің порталы арқылы электронды нысанда өтініш жібереді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік органға қағаз нысанда не «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйесінің порталы арқылы электронды нысанда өтініш жібереді.»;
9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Үлгілерді әкелуге әкімшілік органға берілетін өтінішке экспорттаушы елдің үлгілерді әкетуге берген рұқсаты қоса тіркеледі.»;
15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Үлгілердің әрбір топтамасы үшін жеке рұқсат талап етіледі.»;
жоғарғы оң бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 1-қосымша»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе *: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
жоғарғы оң бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 2-қосымша»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе *: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
жоғарғы оң бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 3-қосымша»;
«Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция (СИТЕС)» деген бағанда:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан
Ministry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Министерство охраны окружающей среды Республики Казахстан
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1103 қаулысына
қосымша
Әкімшілік органның Құрып кету
қаупі төнген жабайы фауна мен флора
түрлерімен халықаралық сауда туралы
конвенция қолданылатын жануарлар
түрлерін Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және Қазақстан
Республикасының аумағынан әкетуге
рұқсаттар беру қағидаларына
қосымша
Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi  төнген жабайы фауна менфлора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру журналы
Р/с
Кімге берілді Үлгінің атауы Саны Қайда/қайдан Рұқсат берілген күн және нөмірі Алушының Т.А.Ә., сенімхат Алушының қолы
1













2













3













Полная версия
ИС BestProfi