Близость слов: Окончание:





Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 тамыз N 1127
Атауына және кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2003. № 1385, 13.05.2004. № 532, 11.09.2007. № 793 қаулыларымен. (29.08.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.12.2022 жылғы № 1038 Қаулысына сәйкес (18.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы   іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), олардың облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласы Әділет департаментінің, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Астана қаласы Әдiлет департаментінің Алматы ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Астана қаласы Әдiлет департаментінің Сарыарқа ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Астана қаласы Әдiлет департаментінің Есіл ауданы әдiлет басқармасының, Астана қаласы және Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қолданысы тоқтатылды Осы Қаулының 2-тармағына сәйкес
Редакция 09.03.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдарының қызметкерлерін лауазымдық (қызметтік) мiндеттерiн тиiсiнше орындағаны үшiн көтермелеу жүйесiн реттеу, сондай-ақ олардың функциялары мен міндеттерін уақтылы әрі сапалы орындауға материалдық мүдделілiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.12.2018 жылғы № 827 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2003. № 1385, 13.05.2004. № 532, 11.09.2007. № 793 Қаулыларымен. (29.08.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.12.2022 жылғы № 1038 Қаулысына сәйкес (18.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1-1. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және олардың лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларының 27 және 28-тармақтарының ережелері 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.
Осы Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.03.2023 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.  
Осы қаулының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қолданылуы 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін тоқтатыла тұрсын.
2-тармақ екінші бөлікпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 939 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап және 31.12.2018 жылға дейін әрекет етеді)
2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.12.2018 жылғы № 827 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.12.2019 жылғы № 925 Қаулысына сәйкес (12.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.02.2020 жылғы № 68 Қаулысына сәйкес (13.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізу тәртібін Қаулысының 2-тармағын қараңыз)
2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.12.2020 жылғы № 928 Қаулысына сәйкес (18.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы
 N 1127 қаулысымен
 бекітілген
Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидалары
Ереже тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2003. № 1385, 13.05.2004. № 532, 11.09.2007. № 793 Қаулыларымен (29.08.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.12.2022 жылғы № 1038 Қаулысына сәйкес (18.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдарының қызметкерлеріне лауазымдық (қызметтік) мiндеттерiн тиiсiнше орындағаны үшiн көтермелеу жүйесiн реттеу, сондай-ақ олардың функциялары мен міндеттерін уақтылы әрі сапалы орындауға материалдық мүдделілiгiн арттыру мақсатында әзiрлендi және еңбегiне ақы төлеу «Мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысы негiзiнде жүргiзiлетiн мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған барлық органдардың қызметкерлеріне қолданылады.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 13.05.2004. № 532 қаулысымен. (31.12.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.12.2018 жылғы № 827 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.12.2022 жылғы № 1038 Қаулысына сәйкес (18.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1-1. Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгiлеу бюджеттік бағдарламаны, (кішi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті көзделген мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.  
Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына үстемеақылар сондай-ақ мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің штат санын қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделген және штат санын қысқарту нәтижесінде босағандардың толық көлемдегі қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің
31.12.2003. № 1385, 13.05.2004. № 532, өзгертілді - 11.09.2007. № 793 Қаулыларымен. (29.08.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
1-2. Мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу:
1-2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.09.2007. № 793, өзгертілді - 12.11.2007. № 1069 Қаулыларымен. (15.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
1-2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) мемлекеттік орган – бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) әкімшісі басшысының не оны алмастыратын тұлғаның;
2) аппарат басшысының орталық мемлекеттік органның басшысымен келісілген шешімі бойынша жүргізіледі деп белгіленсін.
2. Осы Ереженің 1-2-тармағында санамаланған тұлғалар бұл ретте осы Ережені басшылыққа ала отырып, осы органдар қызметкерлеріне сыйлық беру туралы Ережені дербес әзірлеуге және бекітуге құқығы бар.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.09.2007. № 793 Қаулысымен. (15.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi