Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.04.2022
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы N 530 қаулысы
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.01.2012 № 126 (04.06.2003 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(30.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы 2022 жылғы 5 cәуірден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.03.2022 жылғы № 141 Қаулысына сәйкес
Редакция 02.05.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.01.2012 № 126 (04.06.2003 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(30.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің
 2003 жылғы 4 маусымдағы
 N 530 қаулысымен
 бекітілген
Аэротүсiрілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидалары
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.01.2012 № 12  Қаулысымен (04.06.2003 жылғы редакцияны қараңыз (30.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.12.2012 № 1730 Қаулысымен (19.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.04.2020 жылғы № 185 Қаулысына сәйкес (28.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қағидалар «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және оларды беру тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік, арнайы және (немесе) салалық мақсаттағы қызмет үшін фотографиялық, телевизиялық, инфрақызыл, радиолокациялық және басқа да аппаратураның көмегімен орындалатын аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және оларды беруді геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аэротүсірілім – электромагниттік толқындар спектрінің әртүрлі учаскелерінде жұмыс істейтін түсіру жүйелерін (ақпарат қабылдағыштарды) пайдалана отырып, жергілікті жерді ұшу аппараттарынан түсіру;
2) аэротүсірілім жұмыстары – ұшу-түсіру жұмыстарынан және деректерді өңдеуден тұратын жұмыстар.
2-тарау. Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және рұқсатты беру тәртібі
4. Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) уәкілетті органға осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың (бұдан әрі – құжаттар) электронды көшірмелерімен қоса осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге өтінішті «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы береді.
Уәкілетті орган рұқсатты құжаттар келіп түскен күннен бастап он үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
5. Рұқсат беру үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге өтініш;
2) меншік құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері немесе әуе кемесін жалға алу шарты не әуе кемесі бар меншік иесімен аэротүсірілім жұмыстарына қызметтер көрсетуге жасалған шарт;
3) географиялық координаталарын көрсете отырып, аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырған аумақ картограммасының электрондық көшірмесі;
4) жоспарланып отырған аэротүсірілім жұмыстарының техникалық жобаларының (немесе техникалық тапсырмаларының) электрондық көшірмелері.
Уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту береді.
6. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, мәлімделген жұмыстардың бұрын жүргізілген аэротүсірілім жұмыстарын қайталайтыны анықталған жағдайда (бұдан әрі – қайталау), уәкілетті орган өтініш берушінің құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіні хабардар етеді. Бұл жағдайда аэротүсірілім жұмыстарына өтініш беруші бұрын жасалған аэротүсірілім материалдары мен деректерін пайдаланады.
7. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар толық болған және қайталау анықталмаған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік күзет қызметіне (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге келісу туралы сұратуды қоса тіркелген құжаттармен бірге жолдайды.
8. Мемлекеттік органдар құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарап, уәкілетті органға олар бойынша оң не қарсы жауап жібереді.
Мемлекеттік органдар белгіленген мерзімдерде жауап бермеген жағдайда, рұқсат беру келісілді деп есептеледі.
9. Уәкілетті орган мемлекеттік органдардың оң жауаптарын алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат береді, оның қолданылу мерзімі ағымдағы жылдың соңына дейін болады.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 19-1-бабында көзделген негіздер бойынша уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және өтініш берушіге жібереді.
10. Жұмыстар аяқталған соң өтініш беруші өзі жасаған аэротүсірілім, геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректер көшірмелерінің бір данасын Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорына авторлық құқықтарын сақтай отырып, өтеусіз ұсынады.
11. Берілген рұқсаттарды тіркеу және есепке алу рұқсаттардың және хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде жүргізіледі.
12. Уәкілетті органның әрекетімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші уәкілетті органның шешіміне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге
рұқсаттарды тіркеу, есепке алу
және беру қағидаларына
1-қосымша

[Уәкілетті органның атауы, деректемелері

(мемлекеттік тілде)]

[Уәкілетті органның атауы,

деректемелері

(орыс тілінде)]

Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге өтініш
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұраймын. Аэротүсірілім объектілерінің аумақтық орналасуы _
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
аэротүсірілім ауданы _________________________________ (шаршы километр)
аэротүсірілімнің мақсаты _____________________________________________
аэротүсірілімнің техникалық шарттары ________________________________
аэротүсірілім шарттары және уақыты ___________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
[Жасалған күні] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге
рұқсаттарды тіркеу, есепке алу
және беру қағидаларына
2-қосымша

[Уәкілетті органның атауы, деректемелері

(мемлекеттік тілде)]

[Уәкілетті органның атауы,

деректемелері

(орыс тілінде)]

Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не заңды тұлғаның толық атауы
____________________________________________________________________
Жұмыстардың түрі және мақсаты _______________________________________
Жұмыс учаскесінің орналасқан жері ____________________________________
Жүргізуге өтініш берілген мынадай жұмыстарға рұқсат берілді ______________

Р/с №

Сұралып отырған жұмыстардың атауы

Жұмыс көлемі

Жұмыс көлемі

Өтініш берілді

Өлшем бірлігі

(шаршы километр)

Рұқсат берілді

Өлшем бірлігі

(шаршы километр)

1

2

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 

[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты,
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге
рұқсаттарды тіркеу, есепке алу
және беру қағидаларына
3-қосымша

[Уәкілетті органның атауы, деректемелері

(мемлекеттік тілде)]

[Уәкілетті органның атауы,

деректемелері

(орыс тілінде)]

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
 (бар болса) не заңды тұлғаның толық атауы 
_______________
Геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган Сіздің 20___ жылғы «___» ______ өтінішіңізді қарап, аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруден бас тартады, себебі:
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
Полная версия
ИС BestProfi