Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 05.04.2022
«Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 185 қаулысы
Осы Қаулы 2022 жылғы 5 cәуірден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.03.2022 жылғы № 141 Қаулысына сәйкес
1. «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 25, 235-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидалары осы қаулыға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 185 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысымен бекітілген
Аэротүсiрілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және оларды беру тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік, арнайы және (немесе) салалық мақсаттағы қызмет үшін фотографиялық, телевизиялық, инфрақызыл, радиолокациялық және басқа да аппаратураның көмегімен орындалатын аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және оларды беруді геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аэротүсірілім – электромагниттік толқындар спектрінің әртүрлі учаскелерінде жұмыс істейтін түсіру жүйелерін (ақпарат қабылдағыштарды) пайдалана отырып, жергілікті жерді ұшу аппараттарынан түсіру;
2) аэротүсірілім жұмыстары – ұшу-түсіру жұмыстарынан және деректерді өңдеуден тұратын жұмыстар.
2-тарау. Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және рұқсатты беру тәртібі
4. Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) уәкілетті органға осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың (бұдан әрі – құжаттар) электронды көшірмелерімен қоса осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге өтінішті «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы береді.
Уәкілетті орган рұқсатты құжаттар келіп түскен күннен бастап он үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
5. Рұқсат беру үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге өтініш;
2) меншік құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері немесе әуе кемесін жалға алу шарты не әуе кемесі бар меншік иесімен аэротүсірілім жұмыстарына қызметтер көрсетуге жасалған шарт;
3) географиялық координаталарын көрсете отырып, аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырған аумақ картограммасының электрондық көшірмесі;
4) жоспарланып отырған аэротүсірілім жұмыстарының техникалық жобаларының (немесе техникалық тапсырмаларының) электрондық көшірмелері.
Уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту береді.
6. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, мәлімделген жұмыстардың бұрын жүргізілген аэротүсірілім жұмыстарын қайталайтыны анықталған жағдайда (бұдан әрі – қайталау), уәкілетті орган өтініш берушінің құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіні хабардар етеді. Бұл жағдайда аэротүсірілім жұмыстарына өтініш беруші бұрын жасалған аэротүсірілім материалдары мен деректерін пайдаланады.
7. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар толық болған және қайталау анықталмаған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік күзет қызметіне (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге келісу туралы сұратуды қоса тіркелген құжаттармен бірге жолдайды.
8. Мемлекеттік органдар құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарап, уәкілетті органға олар бойынша оң не қарсы жауап жібереді.
Мемлекеттік органдар белгіленген мерзімдерде жауап бермеген жағдайда, рұқсат беру келісілді деп есептеледі.
9. Уәкілетті орган мемлекеттік органдардың оң жауаптарын алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат береді, оның қолданылу мерзімі ағымдағы жылдың соңына дейін болады.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 19-1-бабында көзделген негіздер бойынша уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және өтініш берушіге жібереді.
10. Жұмыстар аяқталған соң өтініш беруші өзі жасаған аэротүсірілім, геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректер көшірмелерінің бір данасын Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорына авторлық құқықтарын сақтай отырып, өтеусіз ұсынады.
11. Берілген рұқсаттарды тіркеу және есепке алу рұқсаттардың және хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде жүргізіледі.
3-тарау. Қорытынды ережелер
12. Уәкілетті органның әрекетімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші уәкілетті органның шешіміне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларына 1-қосымша
Нысан
[Уәкілетті органның атауы, деректемелері (мемлекеттік тілде)] |
[Уәкілетті органның атауы, деректемелері (орыс тілінде)] |
Нөмірі_________ 20__ жылғы «___» _______
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге өтініш
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұраймын. Аэротүсірілім объектілерінің аумақтық орналасуы _
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
аэротүсірілім ауданы _________________________________ (шаршы километр)
аэротүсірілімнің мақсаты _____________________________________________
аэротүсірілімнің техникалық шарттары ________________________________
аэротүсірілім шарттары және уақыты ___________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
[Жасалған күні] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)]
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларына 2-қосымша
Нысан
[Уәкілетті органның атауы, деректемелері (мемлекеттік тілде)] |
[Уәкілетті органның атауы, деректемелері (орыс тілінде)] |
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат
Нөмірі_________ 20__ жылғы «___» _______
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не заңды тұлғаның толық атауы
____________________________________________________________________
Жұмыстардың түрі және мақсаты _______________________________________
Жұмыс учаскесінің орналасқан жері ____________________________________
Жүргізуге өтініш берілген мынадай жұмыстарға рұқсат берілді ______________
Р/с № |
Сұралып отырған жұмыстардың атауы |
Жұмыс көлемі |
Жұмыс көлемі |
||
Өтініш берілді |
Өлшем бірлігі (шаршы километр) |
Рұқсат берілді |
Өлшем бірлігі (шаршы километр) |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
20__ жылғы «___»______ дейін жарамды
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)]
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларына 3-қосымша
Нысан
[Уәкілетті органның атауы, деректемелері (мемлекеттік тілде)] |
[Уәкілетті органның атауы, деректемелері (орыс тілінде)] |
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не заңды тұлғаның толық атауы _______________
Дәлелді бас тарту
Нөмірі_________ 20__ жылғы «___» _______
Геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган Сіздің 20___ жылғы «___» ______ өтінішіңізді қарап, аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруден бас тартады, себебі:
[Дәлелді бас тартудың себебі]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)]
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
Полная версия