Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.05.2016
Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі N 237 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 4 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 15.04.2016 жылғы № 224 Қаулысына сәйкес
«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2015 жылғы № 6-3/597 Бұйрығын қараңыз
Редакция 09.02.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 36-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi бекiтiлсiн.
2. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 99 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 4, 55-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2006 жылғы 4 сәуiрдегі
 N 237 қаулысымен
 бекiтiлген
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидасы
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 09.02.2011 № 106 (29.01.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 135-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы облыс мәслихатының шешімімен бекітілген қаражат есебінен және шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – су пайдаланушы) суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын жергілікті бюджеттен субсидиялау тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) су беруші – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беруді жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелерінің қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
2) су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
3) суармалы суды беру жөніндегі қызметтер – су көздерінен (өзен, су қоймасы, арна және тағы басқа) су алу арқылы су пайдаланушыға суды жеткізу, су тартқыштар бойынша (арна, құбыржолдар) тасымалдау және бөлу, су пайдаланушылардың су бөлу орындарына жеткізу;
4) су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативі (САТК) – ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшін гидротехникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықтарды бірлесіп басқару үшін мүшелік негізінде жүктелген аумақта жер учаскелерін иеленуші (пайдаланушы) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі;
5) ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) – суармалы суды беру жөніндегі қызметтер құнының бір бөлігін жергілікті бюджеттен субсидиялауға жататын су пайдаланушылар тізімін, және су пайдаланушылар бойынша субсидия сомаларын қарау және оларды бекіту жөнінде ұсыныстар енгізу үшін аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия.
3. Субсидиялар су пайдаланудың бекітілген лимиті шегінде ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы суды беру жөнінде алынған қызметтер үшін су пайдаланушылардың шығындарын iшiнара өтеуге (көрсетілген қызметтердің құнын арзандатуға) арналады.
4. ВАК өз қызметінде әкім бекіткен ережені, жұмыс регламентін, суармалы суды беру жөніндегі қызметтер құнының бір бөлігі субсидияланатын су пайдаланушыларды таңдау өлшемдерін басшылыққа алады.
Полная версия
ИС BestProfi