Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2015
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптар көлемiн айқындау үшiн комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру ережесiн және қолайсыз табиғат құбылысы фактiсi бойынша зерттеу актiсiнiң нысанын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қазандағы N 1010 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 20.08.2015 жылғы № 648 Қаулысына сәйкес
«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған егістік алқаптарының көлемін айқындау үшін комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру қағидаларын және қолайсыз табиғат құбылысы фактісі бойынша зерттеп-қарау актісінің нысанын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.02.2015 жылғы № 9-2/175 Бұйрығын қараңыз
Редакция 17.05.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптар көлемiн айқындау үшiн комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру ережесi; 
2) қолайсыз табиғат құбылысы фактiсi бойынша зерттеу актiсiнiң нысаны бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 20 қазандағы
 N 1010 қаулысымен
 бекiтiлген
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптар көлемiн айқындау үшiн комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру ережесi 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптар көлемiн айқындау үшiн комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына  (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптар көлемiн айқындау үшiн комиссия (бұдан әрi  - Комиссия) құру және оның жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер: 
агент - жалғыз акционері мемлекет болып табылатын, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдингтің құрамына кіретін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам;
қолайсыз табиғат құбылысының фактісі бойынша зерттеу актісі (бұдан әрі - зерттеу актісі) — Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңында талаптар көзделген, егістің ішінара немесе толық жойылуы мен қолайсыз табиғат құбылыстарының әсері арасындағы себеп-салдарлық байланысты растайтын құжат;
өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өсiмдiк шаруашылығын дамыту саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын  мемлекеттiк орган; 
сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгiленген тәртiппен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға; 
сақтанушы - өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын және сақтандырушымен немесе өзара сақтандыру қоғамымен мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан тұлға;
өсімдік шаруашылығындағы өзара сақтандыру қоғамы - өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласында өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.05.2010 № 425 Қаулысымен. (20.10.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптардың көлемiн айқындау үшiн комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру тәртiбi
3. Сақтанушыдан комиссия құру туралы өтiнiш алған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы өтiнiштi комиссия құру туралы өтiнiштердi тiркеу журналына тiркейдi. Өтiнiштiң көшiрмесi қабылданған күнi мен кiрiс нөмiрi белгiсiмен сақтанушыға қайтарылады.
4. Сақтанушыдан өтiнiш алынған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптардың көлемiн айқындау үшiн комиссия құрылады.
5. Комиссияның құрамы, оның төрағасы және хатшысы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен белгiленедi. 
Комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органның, өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның, агенттің, сақтанушының, сақтандырушының немесе өзара сақтандыру қоғамының өкілдері кіреді.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.05.2010 № 425 Қаулысымен. (20.10.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Комиссия құру туралы шешiм қабылданғаннан кейiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға, агентке, сақтандырушы немесе өзара сақтандыру қоғамы мен сақтанушыға комиссияның жұмысын ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жiбередi. 
Хабарламада сақтанушының мекен-жайы, оның өтiнiшiнiң тiркеу нөмiрi мен күнi, сақтанушының өтiнiшiнде көрсетiлген қолайсыз табиғат құбылысының түрi, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi қаулысының нөмiрi мен күнi, сондай-ақ қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптарды қарауды жүргiзу күнi, мерзiмi және орны көрсетiледi. 
Комиссияның зерттеу үшiн шығу мерзiмi комиссия құру туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей белгiленедi. Сақтанушыны қоспағанда, комиссия мүшелерiнiң қандай да бiрi оларды тиiстi түрде хабардар еткенде болмаған кезде комиссия зерттеудi жүргiзедi және комиссия хатшысы комиссия мүшесiнiң болмауы фактiсiн зерттеу актiсiнде белгiлейдi.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.05.2010 № 425 Қаулысымен. (20.10.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптарды зерттейтiн жерге келгеннен кейiн комиссия төрағасы комиссия мүшелерiне сақтанушының комиссия құру туралы өтiнiшiн ұсынады.
8. Қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптарды зерттеу кезiнде сақтанушы комиссияға: 
1) егiстiк жерлердiң картасын (схемасын); 
2) егiске ұзақ мерзiмдi қолайсыз табиғат құбылысының әсерi жағдайында өздерiнiң құзыретiне сәйкес оның болуы фактiсiн растайтын гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның анықтамасын; 
3) егiске қысқа мерзiмдi қолайсыз табиғат құбылысының әсерi жағдайында гидрометеорологиялық қызмет органына және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға өзiне болған қолайсыз табиғат құбылысының фактiсi бойынша қабылданған күнi туралы белгiсi бар анықтама беру туралы өтiнiштiң көшiрмесiн ұсынады.
9. Комиссия сақтанушы мәлiмдеген егiстiк алқабын өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен егiстiгi жойылған алқаптарды айқындау әдiстемесi  бойынша зерттейдi және зерттеу нәтижелерi бойынша өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң: толық немесе iшiнара жойылу дәрежесiн айқындайды.
10. Комиссия зерттеу нәтижелерi бойынша зерттеу күнi қолайсыз табиғат құбылысының әрбiр фактiсi немесе олардың жиынтығы және өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрi бойынша жеке, үш данада осы қаулымен бекiтiлген нысан бойынша қолайсыз табиғат құбылысының фактiсi жөнiнде зерттеу актiсiн жасайды. 
Зерттеу актiсiне комиссия мүшелерiнiң бәрi қол қояды, ол содан кейiн агенттiң, сақтандырушының немесе өзара сақтандыру қоғамының және сақтанушының өкiлдерiне берiледi.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.05.2010 № 425 Қаулысымен. (20.10.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
11. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның өкiлi - комиссия хатшысы зерттеу актiсiн жасауға жауапты болып табылады.
12. Егер комиссия мүшелерiнiң бipeуi қабылданған шешiмге келiспеген және зерттеу актiсiне қол қоймаған жағдайда, ол комиссияға өзiнiң бас тарту себептерiн жазбаша нысанда ұсынады, олар зерттеу актiсiне қоса берiледi. 
Бұл ретте хатшы зерттеу актiсiнде зерттеу актiсiне қол қоюдан бас тарту туралы белгi қояды.
12-1. Комиссия мүшелерінің үштен екі бөлігінің қолдары болған кезде зерттеу актісі қабылданған болып есептеледі.
Ереже 12-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 17.05.2010 № 425 Қаулысымен.
13. Сақтандырушы немесе өзара сақтандыру қоғамы зерттеу актiсiн сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн есептеу кезiнде қолданады.
13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.05.2010 № 425 Қаулысымен. (20.10.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 20 қазандағы
 N 1010 қаулысымен
 бекiтiлген
      Қолайсыз табиғат құбылысы фактісі  
               бойынша зерттеу актісінің нысаны
Нысанға өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.05.2010 № 425 Қаулысымен. (20.10.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
(Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның толық атауы) өтініші 
 бойынша құрылған және ___________ ауданы (облыстық маңызы бар қала) 
 әкімдігінің 200___ жылғы»"__"________N__ қаулысының негізінде жұмыс 
істейтін мынадай құрамдағы комиссия:
 ____________________________________________________________________ 
 (ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы орган 
 ____________________________________________________________________ 
 (өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган өкілінің аты-жөні)
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 17.05.2010 № 425 Қаулысымен. (20.10.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. _________________________________________________________________
 3. _________________________________________________________________
    (сақтандырушы немесе өзара сақтандыру қоғамы өкілінің Т.А.Ә.) 
 4. _________________________________________________________________
______________________________ ___________ облысы __________________
ауданы __________ ауылдық округінде орналасқан_____________________ 
егістік алқапты (өсімдік шаруашылығы өнімінің түрін көрсету) 
зерттеуді жүргізді және мынаны анықтады: 
 Өсімдік шаруашылығындағы 200__жылдың "__"_________N_______ міндетті 
 сақтандыру шарты бойынша сақтандырылған егістік алқап ___________ га 
 1 га. ___________ теңге нормативі бойынша сақтандырылды
 
р/с Алқап N Іс жүзінде сақтандырылған алқап, га Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының N және жасалған күні Қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алқаптардың көлемі Егістердің толық немесе ішінара жойылуын айқындай отырып, қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған егістік алқаптардың жай-күйін сипаттау (өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен егістіктің жойылуын айқындау әдістемесіне сәйкес)
1




2





Барлығы



Полная версия
ИС BestProfi