Қазақстан Республикасының " Денсаулық сақтау жүйесі туралы " 2003 жылғы 4 маусымдағы және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2009
Медициналық, дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесін және лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы N 1057 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 30.12.2009 № 2301 Қаулысымен (07.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Медициналық, дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесі;
2) медициналық, дәрігерлік қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 маусымдағы N 767 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 20, 258-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қазандағы N 1624 және 2001 жылғы 7 маусымдағы N 767 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 35 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 1, 11-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 маусымдағы N 767 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 1224 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 45, 579-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы N 1057 қаулысымен бекітілген
Медициналық, дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Медициналық, дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының " Денсаулық сақтау жүйесі туралы " 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына және Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және заңды және жеке тұлғалардың медициналық, дәрігерлік қызметпен (бұдан әрі - медициналық қызмет) айналысуына лицензияларды берудің тәртібі мен талаптарын айқындайды.
2. Медициналық қызметті республикалық маңызы бар ұйымдар орындайтын жұмыстар мен қызметтер және еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама бөлігінде лицензиялауды медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Республикалық маңызы бар ұйымдар орындайтын жұмыстар мен қызметтерді және еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманы қоспағанда, медициналық қызметті лицензиялауды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
3. Денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар (бұдан әрі - лицензиаттар) лицензиялауға жатады.
4. Медициналық қызметті лицензиялау азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамасыз ету, лицензиаттардың халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету мүмкіндігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
Полная версия