"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1310 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 11.08.2015 жылғы № 638 Қаулысына сәйкес «Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекiту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2015 жылғы № 39 Бұйрығын қараңыз
Редакция 23.05.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандары;
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын (сипаттамасы) және оларды беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы N 175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 10, 89-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 тамыздағы N 1236 және 2006 жылғы 15 наурыздағы N 175 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 515 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 21, 211-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1310 қаулысымен бекітілген
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандары
Құжаттардың түрлері мен нысандары жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 26.05.2009. № 777 (28.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
1. Куәлік, аттестат, диплом қорытынды аттестаттаудан өткендігі туралы куәландыратын және академиялық дәрежені тағайындап және (немесе) біліктілікті бере отырып, білім алушының тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгергенін растайтын білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері (бұдан әрі - құжаттар) болып табылады.
2. Құжаттардың барлық түрлері:
1) көлемі 224 x 160 мм қатты мұқабадан;
2) көлемі 210 x 150 мм қосымша парақтан;
3) қосымшадан тұрады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.02.2013 № 123 қаулысымен (17.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Құжат мұқабасы:
1) үздік құжат үшін - қызыл түстен;
Полная версия