Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.10.2012
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы N 1888 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 25.10.2012 № 1358 Қаулысымен (30.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.12.2010 № 1357 Қаулысымен (18.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 30.12.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1.  Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесі бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.12.2010 № 1357 Қаулысымен (18.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 19 қарашадағы
 N 1888 қаулысымен
 бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін
 көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды
 ұйымдастыру мен жүргізу
 ережесі
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 14.12.2010 № 1357 (18.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға мемлекеттік мекемелерді, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын пилоттық ұйымдарды және жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін қоспағанда, медициналық қызметтің тиісті түрлеріне лицензиясы бар медициналық ұйымдарда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі - ТМККК) көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.
Бюджет қаражаты есебінен салынған, пайдалануға берілгеннен кейін ТМККК-ні орналастыруға алғаш рет өтінім берген жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілеріне комиссия ТМККК-ні орналастыруды олар осы Ереженің 7 және 8-тармақтарының талаптарына сәйкес болған және оларға ТМККК орналастыру рәсіміне рұқсат етілген деп таныған жағдайда жүзеге асырады.
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.12.2011 № 1703 (03.10.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) әлеуетті өнім беруші - ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге шарт жасасуға үміткер заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
2) Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі - Әкімші) - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі немесе облыстардың, Астана мен Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармалары;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) комиссия — ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау және осы Ережеге сәйкес ТМККК кейіннен орналастыру үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
5) өнім беруші - ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге шарт жасалған үміткер заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
6) сатып алуды ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменті (республикалық бюджет қаражатының есебінен) немесе ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру рәсімін орындайтын (жергілікті бюджет қаражатының есебінен) тиісті облыстардың, Астана мен Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармалары;
7) тапсырыс беруші - осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық  заңнамасына сәйкес республикалық бюджет қаражатының есебінен немесе жергілікті бюджет қаражатының есебінен ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменті немесе тиісті облыстардың, Астана мен Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармалары;
Полная версия
ИС BestProfi