Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.11.2012
Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 01.11.2012 № 1392 Қаулысымен (30.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 30.01.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 34-бабының 2-тармағына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.05.2011 № 545 Қаулысымен (20.07.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1) «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілер ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілер ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілер ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілер ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.05.2011 № 545 Қаулысымен (20.07.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 20.07.2010 № 745 Қаулысымен (17.02.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз)
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 17 ақпандағы
 № 102 қаулысымен
 бекітілген
«Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу
 және беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.05.2011 № 545 (20.07.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Мемлекеттік қызметті жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті дайындайтын, осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген тиісті мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (бұдан әрі – мамандандырылған кәсіпорындар) қатысуымен жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша баламалы негізде тізбесі осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) арқылы көрсетілуі мүмкін.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 23 және 43-баптарының және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 01.12.2011 № 1429 (19.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(30.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Осы стандарт уәкілетті органның және Орталықтың арнайы ақпараттық стенділерінде орналастырылады және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
Полная версия
ИС BestProfi