Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.09.2015
Есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1150 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 685 Қаулысына сәйкес
«Есеп жүргізу және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Қаржы министрінің 31.03.2015 жылғы № 239 Бұйрығын қараңыз
Редакция 15.11.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 37, 44, 51, 210, 262-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 15.11.2012 № 1447 (03.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1) Кедендік тасымалдаушының кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы;
2) Уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары иелерінің сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлар туралы, соның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы;
3) Жеке тауарларын сақтау қоймалары иелерінің келіп түсетін, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы;
4) Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну қағидалары;
5) Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2012 № 1447 Қаулысымен (03.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министр                            К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 3 қарашадағы
 № 1150 қаулысымен
 бекітілген
Кедендік тасымалдаушының кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы
1. Кедендік тасымалдаушылар кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебін қағаз тасығышта және Excel форматында электрондық түрде осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша кедендік тасымалдаушының кедендік бақылаумен тауарларды тасымалдауды есепке алу және есептілік кітабын (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) жүргізу жолымен жүзеге асырады.
Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Есепке алу кітабының нөмірлеуі бірден басталады. Есепке алу кітабы тігілген, нөмірленген, мөрленген және қызмет аймағында кедендік тасымалдаушы орналасқан кеден органы бастығының не оны алмастырушы адамның қолымен бекітілген болуға тиіс.
Ағымдағы күнтізбелік жылда соңғы жазу енгізілгеннен кейін Есепке алу кітабы салыстырып тексеру үшін кеден органына беріледі. Салыстырып тексеруді жүргізу мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспауы тиіс.
Есепке алу кітабы соңғы жазу енгізілген күннен бастап бес жыл бойы сақталады. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін Есепке алу кітабына қосымша жазулар немесе түзетулер енгізуге жол берілмейді.
Есепке алу кітабы не оның электрондық түрдегі көшірмесі кеден органының лауазымды адамдарына олардың талап етуі бойынша ұсынылады.
2. Кедендік тасымалдаушылар тоқсан сайын, келесі тоқсанның бірінші айының бесінші күнінен кешіктірмей қызмет аймағында кедендік тасымалдаушылар тіркелген кеден органына есепті кезеңде кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес жүзеге асырылған барлық тауарларды тасымалдаулар туралы есепті ұсынады.
Есеп осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады. Қағаз тасығыштағы есепке бірінші басшы не оны алмастырушы адам, бас бухгалтер қол қояды, кедендік тасымалдаушының мөрімен куәландырылады. Қағаз тасығыштағы есеппен бір уақытта кеден органына Excel форматындағы электрондық түрдегі есеп ұсынылады.
Полная версия
ИС BestProfi