«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 271-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 10.09.2015
Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1058 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 685 Қаулысына сәйкес «Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 31.03.2015 жылғы № 246 Бұйрығын қараңыз
Редакция 09.04.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1058 қаулысымен бекітілген
Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 271-бабына сәйкес әзірленді және тауарларды кедендік тазарту кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары іс-қимылының дәйектілігін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тауарларға арналған декларацияларды тексеру - кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға арналған декларациялардың дұрыс толтырылуын, онда бар деректердің дұрыстығын және көрсетілген декларацияға қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру жөніндегі іс-қимылы;
2) кедендік тазарту - тауарларды ішкі тұтынуға енгізу үшін, олардың экспорты үшін немесе тауарларға өзге кедендік рәсімдерді қолдану үшін қажетті кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік операцияларды жасау.
3. Тауарларды кедендік тазартуды өзінің лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес осындай кедендік операцияларды жасауға уәкілетті кеден органдарының лауазымды адамдары (бұдан әрі - уәкілетті лауазымды адам) жүзеге асырады.
4. Уәкілетті лауазымды адам тауарларды кедендік тазартуды тауарларға арналған декларацияны немесе көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) тауар декларациясы ретінде пайдаланылатын өзге құжаттарды (бұдан әрі - мәлімдеме, тізбе) пайдалана отырып жүргізеді.
5. Тауарларды кедендік тазарту және кедендік бақылауды жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды адам тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланады.
6. Тауарларға арналған бір декларация, өтініш немесе тізбе бойынша тауарларды кедендік тазартуды бір уәкілетті лауазымды адам жүргізеді.
Тауарларды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын тауар декларациясын, өтініштерді немесе тізбелерді, сондай-ақ құжаттар мен мәліметтерді тауарларды кедендік тазарту процесіне қатыспайтын кеден органының өзге лауазымды адамдарына беруге тыйым салынады.
7. Кедендік тазарту және тауарларға декларацияларды тексеру кезінде уәкілетті лауазымды адам тауарларды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын кедендік және өзге құжаттарға тиісті белгілер мен мөртаңбаларды қояды, аталған құжаттарда және олардың электронды көшірмелерінде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жазбаларды жүргізеді.
Полная версия