Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.02.2014
"Шығу визаларын ұзарту және беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 200 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 18.04.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 04.02.2014 жылғы № 55 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 ақпандағы
№ 200 қаулысымен
бекітілген
«Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік қызмет СТАНДАРТЫ
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (бұдан әрі – ІІМ-нің КҚПК) және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттерінің Көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі – ІІД-нің КҚПБ) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
1) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 21, 22-баптары;
2) «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 21, 22, 23, 24, 27, 28-баптары;
3) «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысымен бекітілген Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуi тәртiбiнің 5 - 11-тармақтары;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтің үлгі стандарты;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің 201-тармағы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (www.mvd.kz, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімдерінде), және тізбесі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес облыстардың және Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің интернет-ресурсында, сондай-ақ көші-қон полициясы бөлімшелерінде орналасқан ресми ақпарат көздері мен стенділерде орналастырылады.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретін шетелдіктің паспортына немесе өзге құжатына желімдеп жапсырылатын Қазақстан Республикасының толтырылған визасы не қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәйекті жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретін паспорттарын немесе өзге құжаттарын көрсеткен кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі. Қазақстан Республикасының аумағында мынадай санаттағы визалар:
Полная версия
ИС BestProfi