Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.09.2015
Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 Қаулысы
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 13.12.2012 № 1585 (31.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 12 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 01.09.2015 жылғы № 728 Қаулысына сәйкес
«Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 17.04.2015 жылғы № 458 Бұйрығын қараңыз
Редакция 13.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 29) тармақшасына және «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Шағын көлемді кемені техникалық қадағалау қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 13.12.2012 № 1585 (31.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 31 мамырдағы
 № 609 қаулысымен
 бекітілген
Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 13.12.2012 № 1585 (31.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы » 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы » 2001 жылғы 6 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
шағын көлемді кемелерге арналған тұрақ-база (құрылыс) - шекараларында шағын көлемді кемелер орналасатын құрылыстары және іргелес акваториясы бар жағалау аумағы.
2. Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау
3. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын шағын көлемді кемелерге техникалық қадағалау жүзеге асырылады.
Техникалық қадағалауды ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі — аумақтық бөлімшелер) жүзеге асырады.
4. Техникалық қадағалау бастапқы, жыл сайынғы және кезектен тыс техникалық куәландыру жүргізу, сондай-ақ арнайы және бақылап тексеруді жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
5. Жеке жасалған шағын көлемді кемелер, сондай-ақ техникалық сипаттамалары техникалық формулярда (паспортта) көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмейтін, қайта жабдықталған кемелерге теңізде жүзу қасиетіне (жүзгіштігі, орнықтылығы мен батпайтындығы) қосымша сынақтар жүргізіледі. Куәландыру нәтижелері шағын көлемді кеменің жүзуге жарамдылығы туралы қорытындымен осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес техникалық куәландыру актісімен ресімделеді.
6. Бастапқы техникалық куәландыру актісінде көрсетілген шарттар мен нормалар шағын көлемді кеменің кеме кітабына және кеме билетіне енгізіледі. Кеме билетінде куәландыруды жүргізген лауазымды адамның қолымен расталатын арнайы мөртабанмен техникалық куәландыру туралы белгі жасалады.
7. Техникалық куәландыру шағын көлемді кеме тіркелген жердегі аумақтық бөлімшенің техникалық тексеру пунктінде немесе кеме билетін ұсына отырып, шағын көлемді кеме тікелей орналасқан жерде (тұрақта) жүргізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi