Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2015
"Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 қыркүйектегі № 1039 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 29.10.2015 жылғы № 862 Қаулысына сәйкес
1. "Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 491-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 қыркүйектегі № 1039 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелдік медицина ұйымына емделуге жіберу тәртібін және шарттарын реттейді.
2. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберуді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы (бұдан әрі - Уәкілетті орган) бюджет қаражаты есебінен:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесіне сәйкес;
2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкес жүзеге асырады.
3. Уәкілетті орган:
1) республика азаматтарын шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады, оның құрамы мен ережесін бекітеді;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мәселелері жөніндегі жұмыс органын (бұдан әрі - жұмыс органы) белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу тәртібі
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы (бұдан әрі - денсаулық сақтау басқармасы) Комиссияның қарауына мынадай құжаттарды енгізеді:
1) денсаулық сақтау басқармасының пациентті шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберу туралы қолдаухаты;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жұмыс органының пациентті бюджет қаражаты есебінен дәлелді медицинаның негізінде осы пациентті емдеудің жоғары технологиялық әдісі неғұрлым тиімді жүргізілетін шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберудің орындылығы туралы қорытындысы (бұдан әрі - қорытынды).
5. Қорытындыны алу үшін денсаулық сақтау басқармасы жұмыс органына республикалық медицина ұйымы ұсынған, жүргізілген барлық зерттеулердің, консультациялардың, емдеудің нәтижелерін және пациентті шетелдік медицина ұйымдарында емдеу қажеттілігі туралы қорытындыны қамтитын ауру тарихынан егжей-тегжейлі үзіндінің көшірмесін жібереді.
Емдеуші дәрігер қол қойған және бірінші басшы (оны алмастыратын тұлға) растаған әрі мөр соғылған ауру тарихынан үзінді жұмыс органына жіберілгенге дейін бір айдан кешіктірілмей берілуі тиіс.
6. Денсаулық сақтау басқармасы пациенттің медициналық құжаттарын жұмыс органына қолма-қол немесе интернет-байланысы арқылы үш жұмыс күнінің ішінде жеткізеді.
7. Жұмыс органы қорытындыны ұсынуы үшін:
1) денсаулық сақтау басқармасы ұсынған пациенттің медициналық құжаттарын қарайды;
2) Уәкілетті органның штаттан тыс бас мамандарын тартады;
3) Қазақстан Республикасының медицина ұйымдарының жағдайында жүргізілген барлық зерттеулерді ұсына отырып, пациентті шетелге емделуге жіберу мәніне шетелдік медицина ұйымдарымен міндетті түрде алдын ала телемедициналық консультациялар өткізеді. Қажет болған кезде шетелдік медицина ұйымы телемедициналық консультацияны пациенттің қатысуымен өткізеді;
4) шетелдік медицина ұйымы пациентті емдеу туралы келіскен және растаған кезде емдеу бағдарламасы мен оны көрсетуге арналған шығыстар калькуляциясын сұратады;
5) ұсынылған емдеу бағдарламасына сәйкес шетелдік медицина ұйымының келісімі бойынша жұмыс органы немесе Қазақстан Республикасының өзге бейінді медицина ұйымдарының жағдайында қосымша тексеруді, мамандардың консультациясын өткізеді, ал оларды өткізу мүмкін болмағанда оларды шетелдік медицина ұйымдарында өткізуге келіседі;
6) өткізілген телеконсультацияның, баға саясатының маркетингтік зерттеулер нәтижелерінің және емдеуді жүргізу талаптарының негізінде шетелдік медицина ұйымын іріктеуді жүргізеді және кемінде 2 шетелдік медицина ұйымында емдеу құнының талдауы бар осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды береді.
8. Қорытындыны науқасты емдеуге жатқызуға немесе қосымша зертханалық-диагностикалық зерттеулерді жүргізуге айғақтары болмаған жағдайда жұмыс органы денсаулық сақтау басқармасына құжаттар келіп түскен күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде және пациентке Қазақстан Республикасының медицина ұйымдарында қосымша тексеру немесе емдеу жүргізілген жағдайда 20 күннің ішінде ұсынады.
9. Жұмыс органының телемедициналық консультациялар бойынша шығыстарын төлеуді Уәкілетті орган жүзеге асырады.
10. Пациентті шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешімді Комиссия осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың негізінде, олар Уәкілетті органға түскен күнінен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдайды.
11. Шетелдік медицина ұйымын таңдауды Комиссия осы шетелдік медицина ұйымында медициналық көмек көрсетудің сапасын, күту ұзақтығын және баға саясатын есепке ала отырып, жұмыс органы берген ұсынымдарды ескере отырып жүзеге асырады.
12. Комиссияның пациентті кезектілік немесе басым тәртіппен шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешімі Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.
Басым тәртіппен балалар, жүкті әйелдер, туыстық донор болған жағдайда ағзаларды, тіндерді трансплантаттау жүргізуді қажет ететін пациенттер аурудың бір бейіні бөлігіндегі қалыптасқан кезектілікке сәйкес жіберіледі.
13. Комиссияның пациентті шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешімі 3 жұмыс күнінің ішінде жазбаша нысанда пациентке (оның заңды өкіліне) жіберіледі.
14. Балалар, сондай-ақ бөгде күтімді қажет ететін тұлғалар шетелдік медицина ұйымдарына көліктік шығындарын бюджет қаражаты есебінен Уәкілетті орган төлейтін ілесіп жүретін адаммен жіберіледі.
15. Комиссия пациентті шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда Уәкілетті орган 5 күнінің ішінде пациентке (оның заңды өкіліне) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республиканың аумағында медициналық көмек көрсету туралы ұсыным береді.
16. Уәкілетті орган жұмыс органның ұсынымдарын ескере отырып, Комиссия шешімінің негізінде шетелдік медицина ұйымымен Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық қызмет көрсету туралы шарт жасасады.
17. Уәкілетті орган шетелдік медицина ұйымдарына пациенттерді жіберуге байланысты (емдеу, жол жүру) шығыстарды төлеуді қамтамасыз етеді.
18. Ерекше жағдайларда Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісім болған жағдайда Комиссияның шешімі бойынша шетелдік медициналық ұйымдарда жатқан ауыр жағдайдағы Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдауға байланысты шығыстарды төлеуді жүргізеді.
Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесіне 1-қосымша
Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесі
1. Мидың хирургиялық қолжетімсіз және функциялық елеулі аумағындағы радиохирургиялық емдеу әдісін (гамма-пышақ) талап ететін артерия-веналық мальформациялары мен ісіктері.
2. Эндоваскулярлық емдеу үшін ми діңі, жұлын тамырларының артерия-веналық мальформациялары және артериялық аневризмдер.
3. Трансоральдік алып тастау үшін бассүйек негізінің ісіктері.
4. Радиохирургиялық емдеуді (гамма-пышақ, радио белсенді аппликаторлар) талап ететін көздің қатерлі ісіктері.
5. Кератопротездеу.
6. Жүректі, бүйректі, бауырды, өкпені, жұлынды транспланттауды талап ететін аурулар.
7. Өңеш стеноздары.
8. Трахея стеноздары.
Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесіне 2-қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін жекелеген санаттарының тізбесі
1. Айғақтары болған және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында диагностика мен емдеудің қолдануға рұқсат етілген барлық әдістері пайдаланылған, бірақ емнің оң нәтижесі болмаған 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша ерекше жағдайларда қызметтік міндеттерді атқару кезінде ауыр жарақат алған және мертіккен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында диагностика мен емдеудің қолдануға рұқсат етілген барлық әдістері пайдаланылған, бірақ емнің оң нәтижесі болмаған құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері.
Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесіне 3-қосымша
Пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберудің орындылығы туралы қорытынды
1. | Тегі, аты, әкесінің аты | |
2. | Туған жылы | |
3. | Мекенжай | |
4. | Клиникалық диагноз | |
5. | Ілеспелі диагноз | |
6. | Жүргізілген ем | |
7. | Жүргізілген зертханалық-диагностикалық зерттеулер | |
8. | Консилиум қорытындысы және шетелдік клиника ұсыныстарының негізінде емделушіні шетелге емделуге жіберу қажеттілігі туралы шешім | 1. Қажет етеді 2. Қажет етпейді ( керегінің асты сызылсын ) |
9. | Ұсынылатын шетелдік медициналық орталықтар (ел) | 1. |
2. | ||
3. | ||
10. | Шетелдік медициналық орталықтарда емдеудің құны | 1. |
2. | ||
3. | ||
11. | Калькуляция мен емдеу бағдарламасы (қоса беріліп отыр) | |
12. | Ілесіп жүретін адамның қажеттілігі (себебін көрсету) | |
13. | Жіберу басымдылығы | |
14. | Емдеуге жатқызуға жіберу мерзімі | |
15. | Ескертпе |
Медицина ұйымының басшысы / / /
(қолы) (Т.А.Ә.)
МО.
Полная версия