Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.09.2015
Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1304 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.08.2015 жылғы № 609 Қаулысына сәйкес
«Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.04.2015 жылғы № 274 Бұйрығын қараңыз
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 14-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 7 қарашадағы
 № 1304 қаулысымен
 бекітілген
Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидалары
1. Осы Қағидалар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыру кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібін айқындайды.
2. Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптама Кодекске және денсаулық сақтау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тәуелсіз сарапшыларды тартудың мақсаты:
1) денсаулық сақтау субъектілерінің кадрлық, материалдық-техникалық ресурстарын оңтайлы пайдаланудың және қазіргі заманғы медициналық технологияларды қолданудың негізінде пациенттердің қажетті көлемдегі және тиісті сападағы медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз ету;
2) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалаудың ашықтығы мен объективтілігін, медицина қызметкерлерінің құзыретін, мамандардың біліктілік деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.
4. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) тәуелсіз сараптама – көрсетілетін медициналық қызметтердің тиімділігінің, толықтығының және стандарттарға сәйкестігінің көрсеткішін көрсететін индикаторларды пайдалана отырып, денсаулық сақтау субъектілері көрсететін медициналық қызметтер сапасының деңгейі туралы қорытынды шығару мақсатында, сондай-ақ мамандардың біліктілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;
2) тәуелсіз сарапшы – денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке тұлға;
3) тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер – денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптама жүргізуді жүзеге асыратын, белгіленген тәртіппен және жарғылық қызметіне сәйкес тіркелген ұйымдар;
4) медициналық көмектің сапасы – көрсетілетін медициналық көмектің денсаулық сақтау саласындағы медициналық ғылым мен технологияның қазіргі заманғы даму деңгейі негізінде белгіленген стандарттарға сәйкестік деңгейі;
5) сараптама қорытындысы – денсаулық сақтау саласындағы заңнамада белгіленген талаптардың сақталуына тәуелсіз сарапшының алдына қойған мәселелер бойынша негізделген тұжырымдар;
6) медициналық қызметтер сапасының сараптамасы – тиімділігі, толықтығы мен медициналық қызметтер стандарттарына сәйкестігінің көрсеткіші көрсетілетін индикаторларды пайдалана отырып, жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық қызметтер сапасының деңгейі бойынша қорытынды шығару үшін жүзеге асырылатын ұйымдастыру, талдамалық және практикалық іс-шаралардың жиынтығы.
Полная версия
ИС BestProfi