Сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 274 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 мамырда № 11207 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 02.08.2016 жылғы № 683 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 2 қазаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.09.2020 жылғы № ҚР ДСМ-103/2020 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 102-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 02.08.2016 жылғы № 683 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
1. Қоса беріліп отырған Сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 02.08.2016 жылғы № 683 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 02.08.2016 жылғы № 683 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
1. Осы Сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидалары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабы 1-тармағының 102-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібін айқындайды.
1) денсаулық сақтау субъектілерінің кадрлық, материалдық-техникалық ресурстарын оңтайлы пайдалану және заманауи медициналық технологияларды қолдану негізінде пациенттердің қажетті көлемдегі және тиісті сападағы медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз ету;
2) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалаудың ашықтығы мен объективтілігін, медицина қызметкерлерінің құзыретін, мамандардың біліктілік деңгейін қамтамасыз ету;
3) белгілі бір ауру немесе клиникалық жағдай кезінде медициналық көрсетілетін көмекке қойылатын жалпы талаптарды қалыптастыру кезінде ұсынымдардың өзектілігі мен негізділігін қамтамасыз ету болып табылады.
1) денсаулық сақтау субъектісі – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;
3) заңды тұлға – меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым;
4) медициналық көрсетілетін қызметтер сапасының сараптамасы (бұдан әрі – Сараптама) – медициналық көрсетілетін қызметтер тиімділігінің, толықтығының және стандарттарға сәйкестігінің көрсеткішін көрсететін индикаторларды пайдалана отырып, жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық көрсетілетін қызметтер сапасының деңгейі бойынша қорытынды шығару үшін жүзеге асырылатын ұйымдастыру, талдау және практикалық іс-шаралар жиынтығы. Сараптама ішкі және сыртқы болып бөлінеді;
5) тәуелсіз сараптама – медициналық көрсетілетін қызметтердің тиімділігінің, толықтығының және стандарттарға сәйкестігінің көрсеткішін көрсететін индикаторларды пайдалана отырып, денсаулық сақтау субъектілері медициналық көрсетілетін қызметтер сапасының деңгейі туралы қорытынды шығару мақсатында, сондай-ақ мамандардың біліктілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;
4. Тәуелсіз сарапшылар туралы мәліметтерді жеке тұлғалар мен денсаулық сақтау субъектілері денсаулық сақтау саласындағы аккредиттелген тәуелсіз сарапшылар дерекқорынан алады.
медициналық қызметтерді көрсету сапасының саласында тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі мәніне тексеру жүргізу;
«Денсаулық сақтау саласында аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 127 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10735 болып тіркелген) денсаулық сақтау субъектілеріне аккредиттеу жүргізу;