Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.01.2021
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 сәуірде № 10735 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 5 қантардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-299/2020 Бұйрығына сәйкес
Редакция 24.04.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 76) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметті стандарттау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі 
1) «Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 542 бұйрығы (нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 6432 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 2 қазандағы № 402-405 (26248); «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 5 қазандағы № 406-409 (26252); «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 6 қазандағы № 410-413 (26256); «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 12 қазандағы № 418-421 (26264) газетінде жарияланған);
2) «Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 542 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 99 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8425 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) газетінде жарияланған).
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Денсаулық сақтау министрінің
әлеуметтік даму және
Қазақстан Республикасының
2015 жылғы 10 наурыздағы № 127
бұйрығымен бекітілген
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.06.2015 жылғы № 533 Бұйрығына сәйкес (10.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.11.2016 жылғы № 997 Бұйрығына сәйкес (29.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.04.2017 жылғы № 309 Бұйрығына сәйкес (29.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.05.2017 жылғы № 309 Бұйрығына сәйкес (18.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2017 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 14.03.2019 жылғы № ҚР ДСМ-8 Бұйрығына сәйкес (18.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2020 жылғы № ҚР ДСМ-27/2020 Бұйрығына сәйкес (14.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабы 1-тармағының 76) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 14-бабына (бұдан әрі-Заң) сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласында аккредиттеу тәртібін айқындайды.
2. Денсаулық сақтау саласында аккредиттеуге жататын денсаулық сақтау субъектілеріне байланысты аккредиттеудің мынадай түрлері бар:
Полная версия
ИС BestProfi